Accessibility links

Югославияның бұрынғы елбасы Слободан Милошевичке байланысты сот ісі бүгін болуы тиіс еді.


1990-шы жылғы Балқан соғысындағы оның рөліне байланысты сот үдерісі бұдан екі жыл бұрын басталған болатын. Милошевич өзін -өзі қорғайтын заңгер ретінде арнайы бөлінген 4 сағат ішінде өз ісін баяндап шығуы тиіс еді. Өз атынан куәгер ретінде сөйлеуге оның кімді таңдайтыны әл-әзір белгісіз. Оған қарсы 60-тан аса соғыс кезіндегі қылмыстар мен жалпы адамзатқа қарсы қылмыс-айыптар тағылып отыр. Егер бұл істер дәлелденген жағдайда Милошевич өмір бойғы абақтыға жабылатын болады. Алайда оның қан қысымының жоғарылап кетуі себепті, трибунал өкілдері бұл істі кейінге қалдырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG