Accessibility links

Ресейдегі “ЮКОС” мұнай компаниясына франциялық “Сосьете Женераль” бастаған банктар тобы берген 1 млрд. доллар мөлшеріндегі несие бойынша дефолт жарияланды.


Ресейдегі “ЮКОС” мұнай компаниясына франциялық “Сосьете Женераль” бастаған банктар тобы берген 1 млрд. доллар мөлшеріндегі несие бойынша дефолт жарияланды. Банк өкілінің кеше мәлімдегеніндей, халықаралық несие берушілер “ЮКОС” компаниясынан қарызын дереу өтеуін талап етпейді. Мұнай компаниясының бас-аяғы 5 пайыздық акциясын меншіктеніп отырған басқа бірнеше инвестициялық компания Ресей үкіметінің өкілдерімен кездесу ұйымдастыруды өтініп отыр. Қазір 2000/01 жылдары төлемеген салығы үшін “ЮКОС”-тың барлық активі мен есеп-шоттары тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG