Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Фикрет Акчура Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республикадағы кедейлік шегін қайта есептеуі керек деп есептейді


Ресми мәліметтерге қарағанда, кедейлік шегі күнкөріс минимумының 40 пайызына тең. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Фикрет Акчураның пікірінше, кедейлік шегі шынтуайтқа келгенде одан әлдеқайда жоғары. Сондықтанда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен Қазақстандағы кедейлік шегінің шынайы көрсеткішін анықтау бағытында жұмыс жасалып жатыр, дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Егер кедейлік шегі ресми мәліметтерден жоғары болып шықса, кедейлік шегінде өмір сүріп жатқандардың саны да көп болып шығады, дейді мамандар.

Ал, Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі Қуаныш Алпысбеков қай мемлекет болса да кедейлік шегін азайтып көрсетуге тырысатынын айтады. Оның пікірінше, 1999 жылдарға қарағанда халықтың тұрмыс жағдайы жақсарған. Алайда, түбегейлі түзелді деп айтуға болмайды, дейді.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серікболсын Әбділдиннің айтуына қарағанда, көрсеткіштердің бояулы екені халыққа да басқарушыға да белгілі.

Статискалық көрсеткіштердің көптеген қателері бар. Сол көрсеткіштерді шығаратын мекеме оны мойындап түзеп жатады. Кедейшілікте өмір сүріп жатқандарды азайтып көрсеткеннен олар азайып жатқан жоқ, дейді.

Сенат депутаты Зәуреш Батталова ресми мәліметтерде көбейтетін жерлерді көбейтіп, азайтатын жерлерін азайтып береді деп есептейді.

Кедейшіліктің көбейгеніне аймақтарға барғанда көзім жетті. Ауылда не жұмыс жоқ не балаларға алған мемлекеттік көмек жоқ, дейді.

Ал, жұртшылық өкілдері әлеуметтік жағдайдың жақсаруына әлі де көбірек көңіл бөлінсе деген ойларын білдіреді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне қарағанда халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған 50-ге жуық мемлекеттік және салалық бағдарлама жұмыс істейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың айтуынша, ол бағдарламалардың нәтижесі жоқ емес.

Аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны жылдан-жылға азайып келеді. Олардың 60 пайызы балалар, 10 пайыздан артығы жұмыссыздар, зейнеткерлер, мүгедектер және жалақысы төмен азаматтар, дейді.

Тамара Дүйсенованың айтуына қарағанда, кедейшілікті тудыратын себептер зейнетақының, жалақының, жәрдемақы көлемінің әлі де болса төмендігі. Сондай-ақ жұмыссыздықтың орын алуы және әлеуметтік қорғау жөніндегі жүйенің әлі де дами қоймағандығында.
XS
SM
MD
LG