Accessibility links

Шілденің 5-і мен 6- ы күндері аралығында Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасындағы консулдық кеңестің 9- шы кезеңі өті. Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлигі Қасымжомарт Тоқаев Қытай Сыртқы Істер министрлігі Консулдық қызмет бас басқармасының бастығы Ло Тяньгуанмен кездескен болатын. Кездесу барысында екі мемлекет ішінде жүрген өз азаматтарының құқықтарының қорғалуы жөнінде, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-эканомикалық байланыстары сөз болды.Осыған қоса екі ел арасындағы виза мәселесін жеңілдету жөнінде хаттамаға қол қойылған болатын.

Консулдық кеңесте екі елдің азаматтары өзара қатынасуының жеңіл болуы үшін, виза алу мәселесін жеңілдету жөніндегі хаттамаға қол қойылды.Бұл хаттамада, шекара жанындағы сауданы дамыту үшін, бір күнге визасыз барып- келуді және бір топ адамға бір виза беру сияқты мәселелер қарастырылған.

Бұл жағдайға саясат ғылымдарының кандидаты Болат Тлепов өз пікірін айтқан болатын. Оның айтуынша, Қытай эканомикасы жақсы дамыған мемлекеттің бірі болған соң, бұл елмен байланыс Қазақстан үшін қаржы жағыныан тиімді да болар. Дегенмен, жазылмаған деректерге сүйенсек Қытай елінің ішкі саясаты – шет елдегі Қытай диаспорасының санын ұлғайту болып табылады.Ал белгілі саясаттанушы Болатхан Тайжан, мұнда ешқандай саясаттың жоқтығын айтып отыр.Заң ғылымдарының кандидаты Алмас Жұмағали, Қытай Қазақстанға ешқашан соғыс ашуы мүмкін емес ал биологиялық соғысты ашуы әбден мүмкін дегенді айтып отыр.

Ал тұрғындар екі ел арасындағы визаның жеңілдетуі, Қазақстандағы бүгінде өзі аз емес сапасыз өнімдердің келуіне жол ашады деуде.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG