Accessibility links

Халық банкі 200 млн доллар көлеміндегі несиенің мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойды


Шілденің 6 сы күні Алматыдағы «Рахат-Палас» қонақ үйінде Қазақстан Халық Банкі мен немістің Дойче Банк бастаған батыс кредиторлары яғни қарыз беруші банктерінің басшылары 200 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қарыз-несиенің мерзімін тағыда 12 айға ұзарту туралы келісімге қол қойды. Батыс банктері тарапынан Қазақстанның Халық банкіне беріліп отырған бұл несиенің агенті болып Австрияның Райфайзен Централбанкі бекітілді.

Қазақстан Халық банкі 2002-2003 жылдары осы шетелдік батыс банктері тарапынан 150 млн доллардың қарызын алған болатын. Сейсенбі күнгі Алматыдағы Халық банк және Дойче банк бастаған батыс банк басшылары тарапынан келісімге қол қою рәсімінде қарыз несиенің қайтарылу мерзімі 12 айға созылуымен бірге Халық банк жаңадан 50 млн доллардың жаңа қарызын алу мүмкіндігіне ие болды. Сондай ақ батыс банктері Халық банкке беретін 200 млн доллардың жылдық проценттік өсімін 2,25 тен 1,60 қа түсірді. Бұл үлкен жеңілдік дейді Халық банк басқармасының төрайымы Әсия Сырғабекова. Оның айтуынша Батыстың ірі банктері Қазақстан экономикасының тұрақты көтеріліп келе жатқанын ескеріп және де Халық банктің Қазақстан банктері арасында рейтінгісінің тұрақты өсіп келе жатқандығын ескергендіктен осындай шешімге келіп отыр.

Халық банк басқармасының төрйаымы Асия Сырғабекованың айтуынша Халық банк бұл қарызды Қазақстан экономикасында түрлі жобалар атқарып жатқан әсіресе газ,мұнай саласындағы компанияларға тиімді жағдайда беруді ойластырып отыр. Банк басшыларының айтуларынша бұл осымен осы банктің шетелдік банктерден алып отырға төртінші қарызы алайда ең көлемді ең тиімді қарызы болмақ.
XS
SM
MD
LG