Accessibility links

Индонезияда алғашқы тікелей елбасылық сайлаулар аяқталды.


Жарысқа қазіргі елбасы Мегавати Сукарнопутри және бұрынғы Қорғаныс министрі, демалыстағы генерал Сусило Бамбаң Юдхойоно түскен болатын. Сайлаулардан кейін сөз алған екінші үміткер саяси партия басшыларын елде бей-берекеттіктерге жол бермеуге шақырды. Құрама Штаттарының бұрынғы елбасы Жимми Картер аталған сайлауларды бақылаған болатын. “Алты жыл ішінде ауторитарлық биліктен шынайы демократиялық басқаруға өтудің бұл тамаша үлгісі болып отыр. Осы оқиғаға байланысты Индонезия халқын құттықтағым келеді”-, деді Картер мырза. Үміткерлердің ешқайсысы да 50 пайыздан көп дауыс жинақтамаса, онда сайлаулардың келесі сатысы қыркүйек айында болмақшы. Алдын-ала есептеулерге қарағанда Бамбаң мырза алда келеді.
XS
SM
MD
LG