Accessibility links

Астанаға келушiлердiң көбеюiне байланысты көшi-қон полициясы қызметi жаңа үлгiле көшiрiлдi

  • Ескендір ЕРТАЙ

Астанаға келiп, тiркелушiлердiң көптiгiнен соңғы екi ай iшiнде қалалық көшi-қон полициясында 7 миллион теңгенiң күрделi жөндеу және компьтерлендiру жұмыстары жүргiзiлiп, кiсi қабылдайтын терезелер саны үшеуден 20-ға жеткiзiлген. Қалалық көшi-қон полициясы бастығының орынбасары Талғат Ескенов содан берi тiркелушiлерге қызмет көрсету сапасы жақсарып келе жатқанын айтады. . Қазақстанның iшкi iстер министрi Зауытбек Тұрысбеков Астана қалалық көшi-қон полициясындағы үлгiлендiру жобасының Мемлекет басшысының осы саладағы қызмет сапасын жақсарту жөнiндегi сынынан кейiн қолға алынып үш ай мерзiмде аяқталғандығын атап өттi. “Алайда, оның қаншалықты өмiршең болатындығын уақыт көрсетедi. Оған баға беретiн халық. Жаңа қызмет үлгiсi сынақтан жақсы өтсе, оны барлық облыстарда енгiзу жоспарда бар”,- дейдi министр мырза.

Қазақстанның iшкi iстер министрi Зауытбек Тұрысбеков полиция қызметкерлерiнiң iшкi дүниесiн сауықтырмайынша, бұл салада сыбайлас жемқорлыққа тоқтау болмайды деген ойда.

“Қазақстанға көшiп келген азаматтардың барлық мәселесi бiрден шешiле салмады. Қиындықтар бiрiнен соң бiрi шыға бередi. Сондықтан, оралман жағдайын жан-жақты ойластыру қажет”, - дейдi Өзбекстаннан келген Аманқос Махамбет атты оралман.

Қытайдан келген Жеңiс деген азамат Үрiмшiдегi орталық ауруханада дәрiгер болып қызмет етедi. Қазақстандағы жағдаймен алдын ала танысу үшiн келген екен. “Келуiн келгенiмен жергiлiктi жерге тiркелу де, жұмыс табу да қиын екендiгiне көзiм жеттi”,- дейдi ол.

Қазақстанға көшiп келген оралмандардың азаматтық алу үшiн барлығы 12 құжат толтыруы қажет болса, оның кейбiрiн табудың өзi бiрнеше күнге, аптаға созылып кетедi. Бұл жөнiнде Монғолиядан келген оралмандардың басындағы қиындық елшiлiкке қатысты болып отыр. “Монғолияның елшiлiгi Алматыдан Астанаға әлi көшiп келген жоқ. Оралмандар тиiстi құжаттарды алу үшiн екi ортада табанынан таусылады”, дейдi Баян-Өлгийден келген оралман. Астана қалалық көшi-қон полициясы басқармасының бастығы Сиражитдин Сұлтановтың айтуынша, аталған мекемеде аптасына орташа есеппен 2400 адам тiркеледi. Жыл басынан берi басқа елдi мекендерден және шет елдерден келген 30 мыңдай азамат тiркеуден өткен.
XS
SM
MD
LG