Accessibility links

15 миллионыншы Қазақстандық дүниеге келді


Қазақстанның 15 миллионынша тұрғыны мамырдың 28-інде дүниеге келді. Дәл осы күні Қазақстанда 760 сәби туылған.

Бұл туралы шілденің 7-і күні Қазақстан Республикасының Демография және көші-қон агенттігінің төрайымы Алтыншаш Жағанова мәлім етті.

Жағанова ханымның айтуына қарағанда, тоқырау жылдары Қазақстаннан 2,5 миллион халық көшіп кеткен.

Ал, осы жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстандағы халықтың саны 14 миллион 953.6 мың адам болыпты.

Демография және көші-қон жөніндегі агенттік басшылары кейінгі жылдары халықтың табиғи өсімінің жақсаруын әлеуметтік жағдайдың дұрыстала бастауымен байланыстырады. Демография және көші-қон агенттігінің төрайымы Алтыншаш Жағанова демографиялық салаға тиісінше қаржылар қаралса, алдағы жылдарда халықтың санынын едәуір көбейтуге болады деп есептейді.

2010 жылы 17,5 миллионға, ал, 2015 жылы 20 миллионға жетуге әбден мүмкіндік бар, дейді Жағанова.

«Неке және отбасы туралы» Заң Қазақстан балаларын шетел азаматының асырап алуына мүмкіндік береді. Жағанова ханым бұл жағдайды қош көрмейді.

Өкіншке орай, парламент қабылдаған заңдар болды. Ауру, мүлдем қамқоршысы жоқ балаларды береміз дейді. Ол ауру болсын, қандай болсын ол біздің елдің, халықтың баласы. Егер балаларымызды асырай алмаймыз, емдей алмаймыз десек, ол біздің мемлекетімізге, халқымызға үлкен нұқсан деп ойлаймын, дейді.

Парламент Сенатының депутаты Уәлихан Қайсаров жағдайы төмен отбасыларының балалары 18 жасқа толғанша жәрдемақы беру туралы мәселені Үкімет басшысына сауал етіп жолдап келе жатқанын айтады. Депутатың пікірінше, табиғи өсімнің болуы материалдық жағдайға байланысты.

Балаларға арналған бағдарламаларға бет бұрылса, отбасыларға ақша бөлінсе сонда ғана халықтың саны көбеюі мүмкін. Ал, ондай жағдай жоқ болса 2015 жылы түгіл 2050 жылға дейін біздің санымыз 20 миллионға бармайды деп ойлаймын, дейді депутат.

Ал, саясаттаншуы Әзімбай Ғали кейінгі жылдары неміс, орыс ұлтының өкілдері Қазақстаннан көшуді азайтты, ал, қазақтар көшіп келуді көбейткенін айтады. Сондай-ақ ол қазақ жұртшылығы есебінен Қазақстанға көшіп келушілер көбейсе, экономикалық үрдістер жақсарады. 2000 жылдан бастап демографиялық құрылымдық себептерден туу көтерілді, бірақ ол уақытша нәрсе. Мөлшері 2006-2007 жылдан бастап бұл ресурс төмендейді. Оған дейін қазақтарды Қазақстанға тартып алу керек, дейді.

Ал, жұртшылық өкілдерінің бірі табиғи өсімінің көбеюі отбасының беріктігіне байланысты десе енді бірі әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығына қатысты деседі.

Ресми деректерге қарағанда 1991 жылдан бастап 2004 жылдың көкек айына дейін Қазақстанға 83 936 отбасы көшіп келіпті. Ал, шет елге көшіп кетушілер азайыпты.
XS
SM
MD
LG