Accessibility links

Ақтөбедегі «Ақ жол» партиясы бөлімінің бастығы Ізімғали Көбенов бұзақылық жасады деп айыпталып отыр


Қазақстан Республикасы «Қылмыстық кодекстің 257 –бабы, бірінші тармағына сәйкес бұзақылық жасады деген айыппен Ақтөбедегі «Ақ жол» партиясы бөлімінің төрағасы айыпталып отыр. Осылай деп Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметкері Өтениязов хабарлады. Оның берген мәліметтері бойынша, жергілікті «Самал» дәмханасының меңгерушісі Сазды полиция бөлімшесіне белгісіз бір адам дәмханада бүлік шығарып, бұзақылық жасады, материалдық шығын әкелді, бір адамға дене жарақатын салды» деп арызданған. Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасынының баспасөз қызметкері Өтениязовтың айтуынша, күдікті адам Ізімғали Көбенов болып шыққан. «Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасында Ізімғали Көбенов деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Маусымның 21-күні дәмханалардың бірінде бұзақылық жасады деген айғақ бар. Қазір тергеу ісі аяқталды. Шілденің 2-күні тергеу ісінің құжаттары Ақтөбе қалалық сотқа берілді», – дейді баспасөз қызметкері.



Осыдан кейін «Ақ жол» партиясының Ақтөбедегі бөлімшесінің төрағасы, бұзақылық жасады деп айыпталып отырған Ізімғали Көбеновтің өзімен хабарласқанымызда, ол: «Грузиядан келген екі әйелге сіз ұрсыпсыз, денесіне жарақтат салыпсыз дейді. Біреуінің тіпті қазақстандық паспорты да жоқ, Бірақ екуі де сол дәмханада жұмыс істейді дейді. Сосын тағы бір жаласы темекенің күлін салатын ыдыстың біреуін сындырып кетіпсіңдер дейді. Ал менің өзімнің мамандығым дәрігер. Өмірімде темекі шеккен адам емеспін», – деп жауап берді.



Ізімғали Көбенов мұны күзде болатын Парламент сайлауы алдындағы биліктің қолдан ұйымдастырып отырған кезекті әрекеттері деп білдеі.



Қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлінің айтуынша, бұл Мәжіліс сайлауы алдында «Ақ жол» партиясының жолын кесу үшін қарсы істелініп жатқан әрекет. «Тапсырыспен жасалынып отырған арандату акциясы ғой. Бұзақылық болмағаны айқын. Шатақты да қолдан ұйымдастырған. Алда сайлау келе жатыр ғой. Сайлауға түсірмеудің амалы», – дейді Жасарал Қуанышәлі.



«Ақ жол» партиясының ақтөбедегі филиалының төрағасы Ізімғали Көбенов өзіне қарсы жала жауып арызданған азаматтардың өздерінің үстінен сотқа шағымданғанын айтады.



Ақпаратты дайындап жатқанда, «Ақ жол» партиясының Ақтөбедегі өкілдерінің бірі Айдос Садықовтың үстінен прокуратура қозғаған қылмыстық іске байланысты сот үрдісі басталғаны мәлім болды. Естеріңізде болса, өткен жылы дәмханада біреудің үстіне шанышқы лақтырды деген айыппен Айдос Садықовтың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Алайда соттың шешімімен бұл 1998 жылы болған оқиға, сондықтан бұл іс көнерді деп жабылған. Бірақ облыстық прокуратура Айдос Садықовтың үстінен 1998 жылғы болған оқиғаға қатысты қайтадан тексеру жүргізгенге ұсқайды.
XS
SM
MD
LG