Accessibility links

Республикалық Тәуелсіз бақылаушылар жүйесі, биылғы сайлаудың әділетті өтуіне күман келтіруде.


Қазақстандағы алдағы келе жатқан Парламент мәжілісінің сайлауында дауыс берудің жаңа түрі – Электрондық дауыс беру жүйесін енгізу жоспарланып отыр.Тәулсіз бақылаушылардың Республикалық жүйесі, дауыс берудің бұл түрі , соңғы жалдары қол жеткізілген бақылаушы құқының бұзылуымен, сайлаудың ашық өтетініне күман тударады дегенді айтып отыр.

Электронды сайлау жүйесі қазіргі техниканың дамыған заманына сай екені сөзсіз. Дегенмен, Республикалық Тәуелсіз бақылаушылар жүйесінің директорлар кеңесінің төрағасы Дос Көшімнің айтуынша, әлі Дүниежүзінде бірде- бір мемлекет толығымен электронды сайлау жүйесіне өткен жоқ деуде.Оның айтуынша, тек Голландияда ғана 15 жыл бойы жергілікті муниципалитке сайлау электронды түрде өтеді.2008-шы жылға дейін Германия мен Ресейдің өтуі қарастырылып жатыр.Қазақстан бұл ретте бірінші болып тұр,бірақ мұнда алда болу мәселесі емес сайлаудың әділ жүру мәселесі сөз болып отыр дегенді айтуда.

Аталмыш жүйенің Ақтөбе облысы бойынша аймақтық директоры Серік Ерғали, алдағы сайлаудың әділ және ашық өтуіне сенімсіздікпен қарайтынын айта келе, мынандай мысалдар айтқан болатын.Ақтөбе қаласы бойынша 118 сайлау учаскелерінің 756 мүшесінің 410-ы алдыңғы жылдардағы адамдар.23 округтың басшыларының 21- сол бұрынғы басшылар.Ақтөбе облысы бойынша сайлау комиссиясының құрамы да, басшысыда өзгермегенін тілге тиек етуде.

Дос Көшімнің айтуынша, мемлекеттің әр азаматының төлқұжатына штрих кодтың енгізілуі бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегідей әкімшілік жолмен жүріп жатыр. Оған бір дәлел, төлқұжатта штрих-кодт болмаса студанттерді сессияға жібермеу, зейнеткерлерге зейнетақы берілмеу жағдайларының кездесуі.

Ал Қазақстан Республикасының орталық сайлау комитетінің ақпарат бөлімінің меңгерушісі Григорий Кулеш, біз мұндай тапсырма берген жоқпыз. Мүмкін бұл жергілікті басшылардың ісі шығар дегенді айтып отыр.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG