Accessibility links

«Начнем с понедельника» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркепов ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановты сотқа берді.


«Начнем с понедельника» газеті бас редакторының үстінен сотқа шағым түсірген ақпарат министрлігінің мамандары шілденің 7-сі күні өткен сот мәжілісіне дайындықсыз келіпті. Басылым басшысы Рамазан Есіркепов мұның бәрі әдейі жасалынып отырған шара дейді.

Рамазан Есіркепов, «Начнем с понедельника» газетінің бас редакторы:

-

Опять по вине обвинений. Потому что, они не готовы. Представлены незаконные доверонности. Господин Сматаев который является по данному делу опять то ли болеет, то ли скрываеться опять не пришел на процесс.

Естеріңізге сала кетсек, ақпарат министрлігі «Начнем с понедельника» газетіне қазақ тілінде бет шығарды, Ресейдің «Новая газета» материалдарын аударып басты және мемлекеттік кітап палатасына күнделікті шығарылған нөмірлерін дер уағында жеткізіп отырмады деген айып таққан болатын. Алматы қалалық қорғаушылар алқасының мүшесі, кәсіби заңгер Мұстақым Төлеев жоғарыдағы 3 айыпты да түкке тұрмайтын мәселелер дейді.

Мұстақым Төлеев, кәсіби заңгер:

-

Прокуратура тарапынан да, ақпарат министрлігінің тарапынан да, Алматы қаласы әкімшілігінің тарапынан да өте күрделі қателік жіберіліп отыр деп ойлаймын. Бірақ сол қалыптасқан қателіктерді ешбір тұлға соны шын ниетімен шешіп, анық-қанығына жетуге әрекеттенген жоқ. Соған ішім ашиды. Заңдық тұрғыдан алып қарағанда бұл түкке тұрмайтын нәрсе.



Екі арадағы дауға негіз болған қазақша қос бетті шығарып жүрген тілші Гүлмира Тойболдина қазір мемлекеттік тіл саяси ойын құралына айналып барады, ақпарат министрлігі болса, сол мүмкіндікті өз пайдасына шебер пайдаланып отыр дейді.

Гүлмира Тойболдина, «Начнем с понедельника» газетінің тілшісі:

-

Сайлаудың алдында мұның астарында саясат бар деп басылымдардың бәрі қазір жазып кетті. Бірақ менің өзімнің намысыма тиетіні және өте өкініштісі осындай саяси ойындарға қазақ тілін қолжаулық етіп, сосын осындай талас-тартысқа салатындары.

Біз министрлік мамандарынан қандай да бір бір ақпарат алу үшін сот мәжілісінің есігін жарты сағаттан артық күзеттік. Ақыры ақпарат басқармасының өкілдерінен мәлімет алу мүмкін болмады. Түстен кейін де қолда бар телефондарға тағы хабарластық. Ешкім жауап қатпады. Ескерте кетер жайт: шілденің 7-сі күнгі сот отырысында түске дейін газеттің мемлекеттік кітап палатасына күнделікті нөмірлерін жеткізіп отырмағанына қатысты тыңдалым өткен-ді. Қазақ тіліне қатысты бөлігі түстен кейінге белгіленген еді. Құзырлы органның құжаттық дайындығы қанағаттандырылмағандықтан, сот мәжілісі жұма, шілденің 9-на шегерілді. Алдыңғылары сияқты бүгінгі сот мәжілісіне де журналистер жіберілген жоқ. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы саяси кеңесінің мүшесі Маржан Аспандиярова елдегі демократияға тағы бір шабуыл басталды дейді.

Маржан Аспандиярова, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

-

Осы соңғы медиа-форумда президент Н.Назарбаев «БАҚ» туралы заңға вето жариялап еді. Өкінішке орай, біз сөз жүзінде демократияны өркендетіп жатырмыз деп сайраймыз да, іс жүзінде әділ, батыл сөйлеген газеттерді тұншықтырып жатырмыз. Бұл ұят нәрсе Қазақстан үшін.

«Начнем с понедельника» газетінің бас редакторы Рамазан Есіркепов сәрсенбі, шілденің 7-сі күні Бостандық аудандық сотына Алматы қалалық ақпарат басқармасы бастығының, Ақпарат министрі Әбдірахмановтың және бұрынғы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхатар Құл-Мұхаммедтің үстінен шағым түсіретінін мәлімдеді.

Рамазан Есіркепов, «Начнем с понедельника» газетінің бас редакторы: -

Признат их действие незаконными. За моральный вред принесенный мне в районе 7 млрд. теңге с копейками. И его солидарном порядке передать 50 процентов на развитие гос.языка. А 50 процентов пенсионерам.

Кәсіби заңгер Мұстақым Төлеев: «Қазақстан азааттары парламент мәжілісі дайындағын шала-жансар заңдардың құрбанына айналуда, Өйткені, елдегі қай бір заңдық құжатты алып қарасаң да, конституцияға қайшы келеді» дейді. Мәселен ата заңда мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп бадырайып жазылып тұр, ал сол тілде сөйлеу, жазу, ақпарат тарату үшін министрліктен рұқсат сұрау ақылға сыймайтын әрекет дейді Мұстақым Төлеев.
XS
SM
MD
LG