Accessibility links

Алматыда «Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты халықаралық конференция басталды

  • Досан БАЙМОЛДА

Шілденің 7 сы күні Алматыдағы «Анкара» қонақ үйінде «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы мен Жоғарғы технологиялар институтының ұйымдастыруымен « Уран өнеркәсібінің өзекті мәселелері» атты 3-ші халықаралық ғылми-тәжірибелік конференция өз жұмфсфн бастыды. Конференцияға Қазақстан, Ресей, Франция, Канада, Германия, Ұлыбритания, Полыша, Украйна, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Жапониядан келген ғалым мамандар қатысуда. Атом энергетикасын дамытуға бет алған жалпы әлемдік үрдс Қазақстанда да осы салаға ерекше назар аударуды талап ете бастады. Конференцияның мақсаты уран өндірудің қазіргі жағдайы, алдағы болашағын талқылаумен бірге уранның минералдық-шикізат базасын дамытудың стратегиясын талқылау болмақ.

Сәрсембі күні Алматыда ашылған конференцияда Қазақстанның уран өнеркәсібінің бүгінгі жағдайы алдағы болашағы жөнінде Қазақстан Ұлттық «Қазатомпром» компаниясының президенті Мұқтар Жәкішевтің айтуынша уран өндіру мәселесінде Қазақстан бұл саладан айрылып қала жаздаған кезі де болды, қәзір барлық мәселе жөнделді, Қазақстан әлемде уран өндіруден 4-ші орында яғни жылына 3 мың тонна уран өнідіріп отыр. Алдағы 2010 жылдары Қазақстан уран өндіруді 8300 тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Францияның ядролық технология саласындағы аты әйгілі «Кожема» компаниясы мен Қазақстанның ұлттық «Қазатомпром» компаниясының біріккен Катко фирмасының директоры Дебак Бернердің айтуынша Қазақстандағы уран өндіру шахталарында қәзір уранды жабық түрде яғни ураны бар жер қабатына күкірт қышқылын жіберу арқылы ерітілген уран қоймалжыңын жер бетіне сорғызып алу технологиясы кеңінен қолданылуда. Бұл әлемде санаулы елдерде ғана осындай технология керектеніліеді. Халықаралық конференция өз жұмысын шілденің 9 на дейін жалғастырады.
XS
SM
MD
LG