Accessibility links

Ирақтың өтпелі кезең үкіметі қауіпсіздік шараларының жаңа заңдарын жариялады.


Бас министр Аллауи қол қойған бұл заң елдегі бүлікшілдік әрекеттерімен күресуге көмектеспек. Ол заң төтенше жағдай жариялауға, саяси партиялар жұмысын тоқтатуға, коменданттық сағат жариялауға, шет елдік азаматтардың саяхатын шектеуге, интернет және телефон байланыстарын тексеруге мүмкіндік береді.

Ал Ирақ уақтынша үкіметінің Әділет министрі Малик Дохан ал-Хассанның айтуынша, жаңа заң кейбір еркідіктерді шектеуі мүмкін.

-Жаңа Ирақ демократиялық мемлекетке айналуы қажет. Ирақ елінің негізгі мақсаттарының бірі адам құқықтарын және бостандықты қорғау. Ал әзірше, ел өміріндегі қауіпсіздік жағдайы күрделі қалпында қалып отыр, - дейді Ирақ Әділет министрі.

Бүгін сәрсенбіде Ирақ ұлттық келісім партиясының штабына бүлікшіл топ снаряд соққысын берді. Бір неше кісі жараланды.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG