Accessibility links

Мәскеудің атқарушы соты “ЮКОС” мұнай компаниясына қарсы салық төлемегені үшін қылмыстық іс ашты.


Мәскеудің атқарушы соты “ЮКОС” мұнай компаниясына қарсы салық төлемегені үшін қылмыстық іс ашты. Мұнай концерні 5 күннің ішінде мемлекеттік бюджетке 99 млрд. рубль немесе 6.8 млрд. доллар берешегін төлеуге міндетті болатын. Осы уақыт өткен соң Мәскеудің атқарушы соты сот өкімін күштеп жүзеге асыруға кірісті. “ЮКОС” компаниясы кеңселерінің бірі “М-Реестр” компаниясының кеңсесінде тінту жүріп жатыр. Сәрсенбі күні Ресейдің Бас прокуротурасының қызметкерлері “ЮКОС”-тың топ-менеджерлерінің сейфтерін ақтарып, құжаттарды тәркіледі.
XS
SM
MD
LG