Accessibility links

Ядролық бағдарлама жөнінде сөйлесу үшін Ел-Барадей мырза Израильге келді.

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Ел-Барадей мырза Таяу Шығысты ядролық қарудан ада ету идеясын өткізу үшін Израильге сейсенбі күні келді. Ядролық бағдарламасының беймәлімділігі себепті де бұл ел өзіндегі ядролық мүмкіндіктер жөнінде әңгіме қозғаудан бас тартып отыр. Израиль елі Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімге де қол қойған емес.

Осы қол қоймау арқылы Израиль тарапы Халықаралық Атом энергиялық агенттік өкілдерінің елдегі ядролық бағдарламаны тексеруіне күш салуынан құтылып отыр. Сейсенбі күнігі сөзінде Ел-Барадей мырза:

“Агенттікпен бәлкім қосымша қаттамаға қол қою арқылы Израйльдің Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімді қолдағанын қалар едім. Осы арқылы мен Таяу Шығысты ядролық қарудан таза аймаққа айналдыру жолындағы, қауіпсіздік пен бақылауға орай сөйлесулердің басталғандығын көргім келеді”-, деді. Сәрсенбі күні Ел-Барадей мырза Израильдің ядролық агенттігі жетекшісі Гидеон Франкпен кездескен болатын. Одан кейін ЕлБарадей мырза Израиль елінің Иран ядролық бағдарламасына байланысты алаңдаушылық білдіріп отырғандығын жеткізді.

Осы сапары барысында, тым болмаса Израйльдің ядролық белгісіздік саясатын азайтуы жөнінде ол ұсыныс жасаған еді. Алайда, бұл бағытта да Израильдің қозғала қоймайтындығын өкімет басшысы Ариель Шарон аңғартты -, дейді мақала ауторы Еуген Томюк. Ел-Барадей сапары алдында сөйлеген сөзінде Шарон мырза:

“Оның бізге не көру үшін келе жатқандығын түсінбеймін. Біздің ядролық бағдарламамыз өзін-өзі дәлелдеген және одан әрі жалғаса беретін болады”-, деген еді.

Израиль елі өзінің ядролық реакторларын тексерушілерге көрсете ме, жоқ па деген сауалға тура жауап беруден АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауел тайсақтады. Дей тұрғанмен, Израиль Сыртқы істер министрі Силван Шаломмен бірге жасаған баспасөз мәслихатында Иранды ядролық қару жасау қадамынан тоқтатуға халықаралық қысым жасауға тағы да шақырды.

Ал Израиль әскери барлау қызметі басшысы Арон Зеви мырза “Егер халықаралық қауымдастық тоқтатпаса, Иран елі 2008-ші жылы ядролық қаруға ие болуы мүмкін-, деді.

Ирақтың Осирактағы ядролық реакторын “ядролық қару жасауға пайдаланылуы мүмкін” деген күдікпен 1981-ші жылы Израйльдің әскери ұшақтары бомбалаған болатын. Иран Қорғаныс министрі Әли Шамхани егер елдің ядролық құрылымдары бомбаланатын болса ресми Техранның тисінше жауап қайыратындығын мәлімдеді. Димонаға жақын маңдағы Израильдің ең басты ядролық құрылымдарын Ел-Барадей мырзаға көрсетуді бұл ел басшылары жоспарламаған да сияқты. Израйльдің ядролық қаруының бар екендігіне байланысты дәлелдер- жеткілікті дәрежеде. Ол дәлелдердің көпшілігі Израйльдің ядролық саладағы маманы Мордехай Ванунудың 1986-шы жылы тартқан мәліметтерін негізге алуда. Жансыздық пен сатқындық жасады, деген айыппен 18 жыл түрмеде отырған Вануну осы жылдың көкек айында бостандыққа шығарылған болатын. “Иран мен Ирақ елдерінен құпия түрде не жасап жатқандықтарын бүкіл әлемге жария етуін талап еткені сияқты, Атом энергиялық агенттігі басшысы, Израиль басшыларынан да Димона ядролық құрылымының ішіне өзін кіргізуін талап етуі тиіс”-, деді Вануну мырза.

Ядролық зымырандары қолдануға әзір тұрған, аймақтағы бірден-бір ел Израиль деп танылып отыр. Сарапшылардың пікірінше, қазірдің өзінде онда 300-дей оқ тұмсықтар бар, сондай-ақ одан да көбін жасауға қабылетті болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG