Accessibility links

Бұл күндері сыбайласқан жемқорлық қоғамдағы талай салаларды жаулап алған сыңайлы

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Студенттердің университетке қабылдануы мен олардың мерзімдік емтихандарын ойдағыдай тапсыруы үшін пара талап етеді, деген айыптауға оқытушылар мен ол оқу орындарының әкімшілік өкілдері ұшырап жатады. Азаттық радиосының Орта Азия елдеріндегі тілшілері сондай талапқа душар болғандардың ата-аналарымен және өздерімен пікірлескен болатын. Солардың бірі- қызына жақсы баға қою үшін ақша талап еткен мұғалімге деген ашу-ызасын білдіруші өзбек әйелі:

Ал тағы бір өзбек ханымы баласын университетке түсіру үшін талап етілген ақшаны төлеуге мәжбүр болған екен. Алайда,-дейді мақала ауторы, азаттық радиосының сарапшы-тілшісі Брюс Паннер-, бұған орай тек мұғалімдерді кіналап қою жеткіліксіз болар. Себебі, тәуелсіздіктерін алғалы бері Орта Азия мемлекеттерінде айлық көлемі күрт төмендеп кеткен болатын. Ол құбылыс білім беру саласын да айналып өтпеді. Демек, мардымсыз жалақыда отырған мұғалімдер күнкөрістің қамымен осындай қадамдарды жөн көріп жатса керек.

Өзбекстандағы мұғалімдердің пікірінше, елде сыбайлас жемқорлықтың белең алғандығы соншама тіпті қандайда бір реформаларға ұмтылыстың өзі болмай қалғандай. Солардың бірінің айтуынша, қалыптасқан тоңды жібітемін, бюрократиялық жүйемен күресемін дегеннен гөрі студенттің берген ақшасын алып, оны жөніне қоя беру екен. Ал Түркменстан білім беру жүйесінде бұдан өзгешелеу сорақылық белең алып отыр.

Нақтылай айтқанда, мұғалімдердің әрбір сабағы- қатаң бақылау астында. Және олар сабақ беру барысында Түркменбашының “Рухнама” кітабынан міндетті түрде үзінділер келтіріп отыруға мәжбүр. “Орта Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда біздегі проблема тек қаржы тапшылығында ғана емес, сондай-ақ білім беру саласына байланысты өкіметтің жүргізіп отырған теріс саясатында деп ойлаймын”-, деді белгісіз боп қалуды қалаған түркменстандық мұғалім. Мұндай келеңсіздіктерге, екінші жағынан оқуын үлгере алмай жүрген студенттер де мұрындық болуда. Олар өздері үлгермейтін, немесе қиын деп есептеген пәндері бойынша пара бергенді жөн санап тұрады екен. Бір тәжік студентінің сөзіне қарағанда, ол осылайша пара бергені жөнінде әке-шешесіне де айтпаған екен.

Дей тұрғанмен, үздіксіз тер төгіп, жақсы оқитын студенттер мұндай істен өздерінің аулақ екендігін айтуда. Ең қатерлісі сол, қолдарына диплом ұстап шыққан жас мамандардың қайсысының білімінің мықты немесе әлсіз екендігін анықтау кейінірек оңайға соқпай жатады.
XS
SM
MD
LG