Accessibility links

Шілденің 7- і күні Алматы қаласының көп қабатты тұрғын үйлерінің бірінде қолдан жасалған жарылғыш зат табылды


Шілденің 7- і күні Алматы қаласының Гагарин көшесінің бойындағы көп қабатты үйлердің бірінің алдында қолдан жасалған жарылғыш зат табылған. Оқиға орнына Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма қызметкерлері мен арнайы саперлер отряды келіп, жарылғыш затты қала шетіндегі полигонға апарып залалсыздандырған . Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше бұл- үстіміздегі жылдан бергі табылған бесінші қолдан жасалған жарылғыш зат.

2004-жылдың басынан бері Алматы қаласында әскери оқтар мен қолдан жасалған жарылғыш заттардың 25-і табылған. Бұл туралы Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының, тұрғындар мен территорияны қорғау жөніндегі бөлім бастығы Мұрат Жұматаев хабарлаған болатын. Оның айтуынша әсіресе жастар қолдан жарылғыш заттарды жасауға әуес.

Шілденің 7- нде қаладағы Гагарин көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің алдында жарылғыш зат табылған. Мұрат Жұматаев, аулаға шыққан 5 жасар бала, жерде жатқан поллиэтиленге оралған затты көріп әкесіне айтқан. Сол кісінің қоңырау шалғанынан кейін, бұл заттың жарылатындығы белгілі болды дегенді айтып отыр.Егер бүлдіршін өзі барып тиіскен болса жарылыс болып, ол 100 метр қашықтықты қамтыған болар еді деген болжам бар.Енді бұл іс бойынша Бостандық аудандық соты тергеу жұмыстарын бастады.

Ал,маусымның 18-інде Оңтүстік Қазақстан облысында Сарыағаш ауданында ағайынды екі бала беймәлім оқ-дәрі тауып алып, ішін ашып көрмек болған кезде жарылыс шыққан. Нәтижесінде 5 және 11 жастағы екі бала мерт болған.Оқ-дәрі құрбаны тек қана балалар емес, арнайы әскери оқуда жүрген сарбаздардың да болғаны белгілі. Астана түбіндегі оқу-жаттығуларға арналған полигонда граната жарылу салдарынан 15 адам жараланған болатын.Олардың 5-і ауыр халде.Жарылыс 17-і мамырда Ішкі Істер Әскерлерінің бір бөлімшесінде атысқа дайындық барысында болған.Полигон аумағынан жауынгерлер тауып алған ГП-25 гранатометінің 40 миллиметрлікоқ-дәрісі жарылған.Қазақстан Республикасының ІІМ-нің әскери- тергеу департаменті тексеружүргізген болатын. Ішкі әскер баспасөз қызметінің аға офицері, майор Қуаныш Қожахметов,тексеру нәтижесінде сарбаздардың қауыпсіздік ережелерінің сақталмаған салдарынан болған дегенді айтып отыр.

Кей мәліметтерге сүйенсек Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерінен құрылған комиссияның тексеру нәтижесінде Астана маңындағы жаттығулар полигонынан 150- дей жарылмаған гранатомет оқ –дәрісі табылған.Ал Қуаныш Қожахметовтың айтуынша, бұл жалған сандар, шын мәнісінде оның саны 30-ды құрайды.

Мамырдың 31-і күні Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тұрғыны артиллериялық снарядқа ұқсас затты тауып алған.Оқиға орнына келген әскери мамандар, табылған зат артиллериялық снарядтың 85 диаметрлік оқ тұмсығы екенін анықтаған.Снарядты қала сыртына алып шығып саперлер залалсыздырған болтын.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG