Accessibility links

Қазақ, Қырғыз елдері Білім беру жүйесінде реформалар жүргізуде.


Білім беру жүйесіндегі сыбайласқан жемқорлықты ауыздықтау үшін Қазақстан мен Қырғызстан елдері жалпы ұлттық дәрежеде рефромалар жүргізуде. Оны ұсынушылар болашаққа үлкен үмітпен қарауда.

Реформалық бағыттағы бұл жаңа әдіс енгізілгенге дейін Қазақстанның оқу жүйелерінде де пара беру белең алып кеткен болатын. Соны саясат талай талапкерлердің жолын ашады, деп біледі оны қолдаушылар. Бұл әдіс бойынша, үміткерлер арнайы тест жүйесінен өтетін болады. Алғаш рет, бұдан бір жыл бұрын ел өкіметі бірнеше ірі қалалардағы оқу орындарында тест жүйесін енгізіп көрген болатын. Ал, биылғы жылы болса тест орталықтары жаппай ел бойынша ашылып отыр. İсті табысты жүргізу үшін тестің 800-дей әртүлі нұсқалары ұсынылған. Ұлттық тест орталығының басшысы Тахир Балықбаевтің айтуынша, бұл шаралар ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі маңызды қадамдар болмақшы. Тест сұрақтары құпия түрде сақтаулы-, дейді ол. Реформаның қолдаушыларында келешекке деген сенім зор. Алайда, оның сыншылары да жоқ емес.

Қырғызстанда да Жоғарғы оқу орындарына қабылдау жүйесінде реформалар жүргізілуде. Дей тұрғанмен Қазақстандағы жаңашылдықпен салыстырғанда, олар өзгерістің өзгеше түрін таңдап алған екен. Атап айтқанда, Қырғыз білім жүйесіндегі өкілдер үміткерлердің білім дәрежесінен гөрі олардың оқуға деген қабілетін тексеруден өткізгенді жөн көрсе керек. Яғни университет талабына сай келетіндей ол студент бойында қабілет бола ма? деген сауалға жауап ізделуде.

Тағы бір ерекшелік: егер Қазақстандағы реформалар жүйесі ел өкіметі арқылы ұсынылып отырса, ал Қырғыз жеріндегі жаңалықтар тәуелсіз агенттік арқылы жүзеге аспақшы. Бұл бағдарламаны Құрама Штаттарының өкіметі қаржыландырып отыр. Осы бағдарламаның директоры Тод Друмонд бастама сырын былайша түсіндіруде: “Ең басты ерекшелік- Қырғызстандағы бастама барысында өкіметтік емес, тәуелсіз агенттік құрылды. Аталған агенттік университетке қабылданатындарға жоғарғы дәрежедегі талаппен тест тапсыртқызатын болады. Бұл-бұрынғы совет өкіметі кеңістігіндегі тәуелсіз тест тапсырудағы алғашқы қадам болып отыр. Қазақстанда осындай агенттік әліге дейін өкімет тарапынан қатаң бақылауда ұсталуда”-, деді Друмонд мырза.

Тәуелсіз агенттіктің министрлік жанындағы агенттіктен бір артықшылығы, оған деген сенім қалай дегенде де жоғары болмақшы. Өзіне деген сенімнен айрылған кезде агенттіктің жұмысы жүрмейді-, деді ол.

Биыл алғаш рет Қырғыз жеріндегі барлық ірі оқу орындарында осы тест шаралары өткізілді. Оған ел бойынша 38 мың студенттер қатысқан екен. Қырғыз Білім мимистрлігі де тест тапсыру барысына өздері бақылау орнатқысы келген екен. Тек елбасы Асқар Ақаевтің тікелей қолдауы арқылы бұл тәуелсіз агенттік өз жұмысын бастап кеткен.
XS
SM
MD
LG