Accessibility links

Шілденің 8-і күні түнде Астана көшелерінің бірінде жарылыс болды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Жарылыс салдарынан 1978 жылы туылған Смольский деген азамат жарақат алған. «Жедел жәрдем» дәрігерлік көмегі оны бірінші қалалық ауруханасына жеткізген. Бұл жайында «Азаттық» радиосына Астана қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қалалық ішкі істер басқармасының криминальдық полиция басқармасының бастығы Андрей Чепурной бас қалада орын алған оқиғаның мән-жәйі жуық күндерде анықталатынын мәлімдеп отыр.

Жарылыс жайында құқық қорғау органдарына азаматтар хабарлаған. Оқиғаның мән-жайын қазіргі уақытта тиісті орындар тексеруде. Ал, жарақат алған адамға дәрігерлік көмек жасалуда, дейді Астана қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы, полиция майоры Айгүл Үстемірова.

Тексеріс барысында азаматтың қалтасынан қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша Смольский Қостанай облысының тұрғыны болып шықты. Оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 76 бабы бойынша іздеуде жүргені анықталды. Қазіргі уақытта іс қозағлып, тексеру жүруде, дейді Айгүл Үстемірова.

Мұндай оқиға осы жылдың жартысында Астана қаласы бойынша бірінші рет тіркеліпті. Ал, аталған азаматтан жарылғыш заттың қандай мақсатта болғанын тергеу орындары анықтайды деген уәж айтылып отыр.

Алайда, полиция майоры Айгүл Үстемірова Смольскийден жарылғыш заттың табылуының әртүрлі болжамы бар, дейді. Өзін-өзі өлтіру неемесе басқадай мақсаттар болуы мүмкін, дейді ол.

Астана Қалалық ішкі істер басқармасының криминальдық полиция басқармасының бастығы Андрей Чепурной табылған жарылғыш затқа сараптау жасалып жатқаны және оның шығу көзі анықталуда, дейді.

Қазақстан көлемінде мұндай оқиғалар қаншалықты орын алып отыр. Ол жайында Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаментіне хабарласып, сұрау салғанымызда ақпарат алу мүмкін болмады.
XS
SM
MD
LG