Accessibility links

Ирақтағы исламшыл экстремистік топтың тұтқынында отырған филиппиндік азаматтың тағдыры беймәлім.


Ирақтағы исламшыл экстремистік топтың тұтқынында отырған филиппиндік азаматтың тағдыры беймәлім. Анджело Де Ла Крузды ұрлап алып кеткен экстремистер тобы егер Ирақтан Филиппиннің 51 кісілік әскері 20 шілдеге дейін шығарылмаса, оны дарға асып өлтіретінін ескерткен болатын. Филиппиннің сыртқы істер министрі әскердің Ирақтан 1 ай кейін – 20 тамызда шығарылатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG