Accessibility links

«Нави» интернет газеті президент әкімшілігінен

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Алматы қалалық Медеу аудандық сотында президент әкімшілігінің «АССАНДИ ТАЙМС» және «Нави» интернет газетінің үстінен сотқа шағымдануына орай кезекті сот мәжілісі өтті. Бұл жолы тараптардың жан-жақты уәждері тыңдалып, енді «АССАНДИ ТАЙМС» газетінің мәлімдемесіндегі сөздердің нақты мағынасын филологиялық жағынан саралау қажеттігі ескеріліп, сот мәжілісі сейсенбіге қалдырылды.

Президент әкімшілігінің «АССАНДИ ТАЙМС» және «Нави» интернет газетінің үстінен сотқа шағымдануына орайғы кезекті сот мәжілісінде «Нави» интернет газеті редакциясының президент әкімшілігінен кешірім сұрап, оны жариялағандықтан аталған ақпарат құралы сот процесінен шығарылды.

Алайда негізгі мәлімдемені жариялаған ақпарат құралының бұл уәжімен келіскен Президент әкімшілігінің қадамы таңданыс туғызып отыр. Осы мәселеге қатысты «Нави» интернет газетінің редакторынан пікірін сұрағанымызда ол президент әкімшілігінің талабын орындаған соң бізді сот процесінен босатты деп жауап берді.

«АССАНДИ ТАЙМС» газетінің адвокаты Сергей Уткин бастапқы пікірлерінен қайтпайтындығын білдіріп отыр. Ол өздерінің не үшін кешірім сұрайтындықтарын түсінбейтіндігін айтады. Және президент әкімшілігіне қатысты қайбір жайттарды да дәлелдей алатындықтарын да жеткізді.

Дегенмен президент әкімшілігінің адвокаты Роза Қуанышбаева қарсыластарының өз пікірлерінде қателесіп отырғандығын айтады. Әрі өз ұстанымдарын дәлелдеуге деректері де жоқ дейді ол.

Сөйтіп, «АССАНДИ ТАЙМС» газетінің адвокаты Сергей Уткиннің өтініші бойынша, газет мәлімдемесіндегі сөздердің нақты мағынасын филологиялық жағынан саралау қажеттігі ескеріліп, сот мәжілісі сейсенбіге қалдырылды. Бұл талқылауға тараптар өз сарапшыларын әкелетін болып келісілді.
XS
SM
MD
LG