Accessibility links

«Қожахметов, демократиядан қолыңды тарт»


Шілденің 12-і күні «Номад» интернет газетінде осындай тақырыппен мақала жарық көрді.

Мақала Ерғалиева ханым кімнің де болсын Жақиянов мырзаның атын популистік мақсаттарға пайдалануға жол бермейді деген тақырыпшамен жалғасады.

Партия тіркеуден өткен соң Асылбек Қожахметов билікті өз уысына жинап, демократиялық партияны өзінің меншікті коммерциялық кәсіпорынына айналдырды.

Көкектің 16-ы және маусымның 19-ындағы Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының Саяси кеңесінің шешімі неігізнде партияның жарғысына өзгерістер енгізуді ұсынатын жұмысшы тобы құрылды , деп жазылған. Соңында Гүлжан Ерғалиеваның аты-жөні жазылған мақаланы электрондық поштамен жолдаушы Аян Ерғалиев деп көрсетілген.

Алайда, Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының мүшесі Гүлжан Ерғалиева мұндай мақаланың «Номад» интернет газетінде барынан бейхабар болып шықты және оны жоққа шығарды.

Мұндай сайттарды біз оқымаймыз. Оған уақыт та жоқ.

Бұл ақпараттың Аян Ерғалиевтің адерсімен түскені менің күлкімді келтіреді. Өйткені, ұлымның аты Аян, менің фамилиям Ерғалиева, деп бастады «Азаттық» радиосына берген түсініктемесін Гүлжан Ерғалиев ханым.

Бұл қасқана оппозицияны, оның ішінде Қазақстанның демократиялық таңдауын кемсітуді мақсат еткен, қасақана жалғандық деп есептеймін.

Бұл өтірік. Оппозицияны кемсіту немесе оларды бір-бірімен шағыстыру.

Оппозицияны бір-бірімен шағыстыру мүмкін емес. Бастысы оппозия әлсіз ,олар өзара араздықта, тұрақты емес тағысын тағы деген деген қоғамдық пікірді қалыптастыру. Бұл мақаланың мақсаты осы. Бұл бірінші немесе соңғы мақала емес, дейді Ерғалиева ханым.

Партия ішлік ешқандай араздық жоқ. Енді ғана заңды мәртебе алған партияда қандай ыдыраушылық болуы мүмкін. Партияның жарғысына өзгеріс енгзіу секілді мәселелер бар. Оны жоққа шығармаймыз. Ол процестер жүруде. Мұндай процестер қай партияда болмайды. Мені қызықтыратыны басқа мәселе. Біз өз адамдарымызға сенімдіміз. Демек бұл Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясының ішінде болып жатқандар тыңдалады деген сөз, дейді Гүлжан Ерғалиева.

Ал, аталған партия президиумының төрағасы Асылбек Қожахметов партия ішінде қарама-қайшылық жоқ. Бұл биліктің сайлау алдында жасағаны, дейді.

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам соңғы кездрі көптеген жалаң материалдар шығып жатыр. Бұл провокация, сайлау алдында бүлік салу керек. Айталық, демократтар осылай сатылып кетті деген, дейді ол.

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедовтің пікірінше, бұл сырттан жасалып жатқан әрекет.

Ал, «Отан» партиясының мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Уәлихан Қалижанов саясатта, оның ішінде баспасөзде адамдардың беделіне нұқсан келтіретін материалдарды ұйымдастыру шаралары бар деп есептейді.

Қалижановтің пікірше, 1937 жылдардан қалған сарқыншақтар қайта шығып келе жатыр. Ол кездері мұны мемлекет ұйымдастырса, енді оны жеке адамдар, жеке олигархтар, жеке топтар, жеке партиялар ұйымдастырып жатыр, дейді ол.
XS
SM
MD
LG