Accessibility links

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесіне келіп түскен шағымдардың барлығы дерлік қаралып үлгермейді.

  • Әселім ҚАЛКЕНҚЫЗЫ

Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі Болат Байқадамов шілденің 12-сі күні осы жылдың 2-і тоқсанында атқарған жұмыстары туралы есебін жариялады. Оның айтуынша, аталған мерзімде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесіне 534 шағым хат түссе, олардың 15-17 пайыздайы ғана қаралған. Болат Байқадамов сөз арасында Қазақстанда саяси көзқарасы үшін сотталғандар жоқ деп есептейтінін айтты.

Бізге саяси көзқарастағы шағымдар келіп тұскен емес. Сол себепті мен Қазақстанда саяси көзқарасы үшін сотталғандар бар деп айта алмаймын.

Ал сарапшылардың Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың атқарып жатқан ісі жайындағы пікірлеріне тоқталсақ, Саясаткер Әміржан Қосанов Болат Байқадамов жетекшлік етіп отырған Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. Осы күнге дейін Омбудсменнің Қазақстанда қандай да бір жәбір көріп жатқан адамдардың құқын қорғағанын көрген емеспін. Қазіргі отырған біздің Омбудсменнің сырты бүтін іші түтін.Осыған дейін Болат Байқадамов бірде-бір саяси астары бар сот процесіне қатысқан емес, не пікірін айтқан емес. Қатысамын деген күнде де оны қатыстырмайды. Қазақстан бойынша Адам құқытары жөніндегі Халықаралық бюроның төрағасының орынбасары Жеңіс Тұрмағанбетованың айтуынша Омбудсменнің ешбір есебіне көңілім толған емес. Бұл орталық саяси астары бар мәселерден алыс жүреді.

Сондай-ақ жалпы қазақстандағы адам құқын қорғайтын ұйымдар туралы қарапайым халықтың пікірін білгенді жөн көрген едік.

Пікірлер;

1. Қарапайым халық арасында мұндай орталықтың бар екендігін білмейтіндер де бар.Әсіресе ауыл тұрғындары өз құқын біле бермейді. Құқық қорғау органдары тарапынан да әділетсіздікке жол беріліп жатады.

2.Жалпы Омбудсменнің болғаны жақсы, жәбір көріп жүрген азаматтар өз құқын қорғай алатын болады Мұрат Сыздықов есімді азамат1997 жылы бір топ адамның көрсетуімен жалақор деген айыппен сотталып, екі айдан кейін абақтыдан ақталып шыққан болатын. Бұл туралы кезінде “Азаттық” радиосынан арнайы хабар берілген-ді.

Мұрат Сыздықов жаламен сотталғанын сот алдында дәлелдеп шыққан –тқғын. Бірақ, моралдық шығынын өндіртіп беру туралы сот шешімі бола тұра, ол әлі күнге дейін моралдық шығынын ала алмай, құқық қорғау органдрының табалдырығын тоздырып жүргенін, адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамовтан да еш қайыр болмағанын ашына айтады.

Мен Болат Байқадамовқа қолдау сұрап бардым. Бірақ ол сот пен прокуратураға әлі келмейтіндігін айтты. Осыдан кейін Байқадамовтан не күтуге болады.

Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың есебіне сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл келіп тсүкен шағымдардығ көлемі екі есеге ұлғайған.
XS
SM
MD
LG