Accessibility links

Депутат Мұхтар Тінекеев пен Болат Әбілов арасындағы сот ісі жалғасты


Шілде айының 12-сі күні ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінекеев пен “Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі Болат Әбілов арасындағы дауға байланысты болған сот отырысы ашық деп жарияланғанымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қаралған сот ісіне жіберілмеді. Сағат 10-ға белгіленіп 11-де басталған сот отырысында Болат Әбілов үстінен ҚР Қылмыстық істер кодексінің 129 бабының 2-ші және 3-ші тармақтары бойынша іс қозғалды. “Азаттық” радиосы бұдан бұрынғы хабараларында осы мәселеге байланысты болған сот ісінде Болат Әбіловтің өзіне адвокат тауып, іспен кеңірек танысып, сотқа куәләрімен келуге 10 күн уақыт сұрап, алайда оның ол өтініші қанағаттандырылмағандығын хабарлаған болатын. Дүйсенбі күні сот сот отырысынан шыққан Болат Әбілов сотта сот ісін шегеру жөнінде өтініш түсіргендігін, Бостандық аудандық сотының төрешісі Ибраевтың өзіне адвокат тауып, іспен танысу үшін уақыт бермей отырғандығын, үстінен қозғалып жатқан ҚР қылмыстық 129 бабымен де таныс емес екендігін айтты.

Сондай-ақ Болат Әбілов өз үстінен қозғалып жатқан қылмыстық және азаматтық істерді яғни екі бірдей істі бір күнде Бостандық аудындық сотының төрағасы Ибаревтың қарауы заң бұзушылық. Бұл жерде менің жеке бас құқығымды бұзыр отыр,- деп мәлімдеді. Осы орайда айта кетер жайт,бүгінгі болған сот отырысы түстен кейін сағат 3-те азаматтық іс , ал 4.30-да қылмыстық іс бойынша одан әрі жалғасты. Бостандық аудандық сотының төрағасы Ибраев мырза Болат Әбіловтен бүгінгі күні Алматы аумағынан ешқайда кетпеу жөнінде тілхат жаздырып, егер де Алматы аумағынан басқа жерге шыға қалған жағдайда қамауға алынатындығын ескерткен. Осы аталған мәселелерді Болат Әбілов өзінің жеке бас бостандығына қол салушылық,- деп мәлімдеді.

Түстен кейін Бостандық аудандық сотында азаматтық іс бойынша іс қозғалып жатқанда, депутат Тінекеев шұғыл түрде журналистермен жүздесіп, аталған мәселе туралы БАҚ өкілдерін хабардар етті. Мен өз ар-ожданымды қорғау үшін Болат Әбіловті сотқа беріп отырмын. Болат Әбілов мәлімдегеніндей сот отырысында ешқандай да асығыстық пен заң бұзушылық орын алып отырған жоқ. Қайта бұл жерде менің құқығым бұзылып отыр дегенді айтты. Осы жерде Мұхтар Тінекеевтің адвокаты Асет Атабаев құқығы бұзылып отырған адам – Мұхтар Тінекеев. Сот істі қарауды он күнге созып отыр. Бұл жерде асығыстық дейтін ұсақ мәселе тумау керек. Бізде сотқа неліктен Мұхтар Бәкірұлының құқығы бұзылып отыр?- деген сұрақ қойғымыз келеді деді.
XS
SM
MD
LG