Accessibility links

Бұл туралы ол кеше Украина телевидениясындағы сөзінде айтқан. Қазір оның басты қарсыласы Виктор Ющенко оппозиция лидері болады деп күтіліп отыр. Кучманың сөзіне сүйенсек, қазан айындағы сайлауға бұрын соңды болмаған көп бақылаушылар қатысады. Кучма айтып өткендей, сайлауда кімнің президент болатынынынан гөрі, сайлаудың қалай өткені маңызды. Бұл жолы Кучма кезекті рет, конституциялық соттың келісіміне қарамастан, өзінің үшінші мерзімін ұзартудан бас тартты.


Литвадағы президенттік сайлау мерзімнен бұрын өткізілді. Өйткені, көкек айында президент Роланд Паксас конституция мен сертін бұзған деген айыппен биліктен кеткен болатын. 77 жасар Адамкус Литва мемлекетін бұған дейін 1998-2003-інші жылы басқарған болатын.
XS
SM
MD
LG