Accessibility links

Қазақстандық саясаткерлердің айтуына қарағанда Алтынбек Сәрсенбайұлының ұстанымы мен ісінің айырмасын алдағы сайлау байқатады

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ақпарат министрі болып тағайындалған «Ақжол» партиясының тең төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы өз мәлімдемесінде демократиялық партия жетекшілерінің бірі ретіндегі менің жұмыс тәжірибем және министр қызметіндегі күш-жігерім адал, ашық және әділетті сайлау өткізу үшін пайдаланылады деп сенемін деп көрсетеді.

Өз мәлімдемесінде Алтынбек Сәрсенбайұлы Президент ұсынысы бойынша мемлекеттік қызметке ауысу қисындарының бірі ретінде елдің парламент сайлауы қарсаңында тұрғанын, саяси партиялар мен кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына оның ішінде электронды ақапрат құралдарына тең мүмкіндіктерін және оларға бірдей қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылатынын атайды.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясы президиумының төрағасы Асылбек Қожахметов алдағы сайлаудың әділ өтуін уақыт көрсетеді деп есептейді.

Сондай-ақ ол Алтынбек Сәрсенбайұлының министр болып тағайындалуына өзінің екі ойлы қарайтынын айтты.

Сайлауда тең мүмкіндіктердің болуын көрсетсін. Екіншіден, «Хабар», «Еларна», «Қазақстан» секілді арналардан барлық партияларға, кандидаттарға тең уақыт бөлу керек. Бір айдың ішінде барлығы көрінеді. Қазір эфир «Отан», «Асармен» толып кеткендей, оған «Ақжол» қосылса, онда түсінікті Сәрсенбаев не үшін келді. Ол жәй келісім шығар Перзидент пен «Ақжолдың»арасында. Ал, барлық демократиялық партияларға бірдей тең жол ашылса онда басқаша сөз. Әділ сайлау жайындағы демократиялық көзқарасын іске асыратын шығар деп ойламын, дейді Асылбек Қожахметов.

Алтынбек Сәрсенбайұлының демократиялық партия жетекшілерінің бірі ретіндегі өз жұмыс тәжірибесін және министр қызметіндегі күш-жігерімді адал, ашық сайлау өткізуге пайдаланылады деп сенемін деген пікіріне және алдағы сайлаудың өту барысына байланысты Қазақстанның Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин өз пікірін білдірген еді.

Сайлауды қалай өткізу бір кісінің нұсқауымен болады. Сәрсенбаев сол тапсырманы орындауға тырысады. Бірақ басқа пікірде жүрген адамның қай кезде тапсырма орындауда да жол табатын жағдайлары болады. Соны тауып әділеттілік жағын ұйымдастырса халық үшін де қоғам үшін де тиімді болар еді, дейді Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі.

Саясаткер Әзімбай Ғали әр партияның баспасөзге бірдей қол жеткізуі бүгінгі күнге дейін орындалмай келген, енді ол тең мүмкіндіктер қаралады деп есептейді.

Әзімбай Ғали биліктің оппозициялық партиялармен консенсусқа келуіне Алтынбек Сәрсенбайұлының әсері болады деген пікірде. Себебі оның мемлекетшілдігі де демократияшылдығы да бар, дейді ол.

«Ақжол» партиясы тең төрағаларының бірі Ораз Жандосов сайлау қарсаңында «Ақжол» партиясы тең төрағасын мемлекеттік саяси лауазымға шақыру меніңше жақсы көрсеткіш.Бізбен санасқандары да дейді.

Қазақстандық саясаткерлердің айтуына қарағанда Алтынбек Сәрсенбайұлының ұстанымы мен ісінің айырмасын алдағы сайлау байқататын сыңайлы.

Ал, министр лауазымына тағайындалған сәттегі мәлімдемесінде Алтынбек Сәрсенбайұлы өзінің саяси сенімінен және көзқарастарынан бас тарптайтынын, сондай-ақ «Ақжол» партиясының тең төрағасы болып қалатынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG