Accessibility links

Президент әкімшілігін «АССАНДИ ТАЙМС» газеті қарсы сотқа беріп, моралдық шығынын 100 теңгеге бағалады.


Алматы қалалық Медеу аудандық сотында президент әкімшілігінің оппозициялық «АССАНДИ ТАЙМС» газетінің үстінен сотқа шағымдануына орай кезекті сот мәжілісі одан әрі жалғасты. Бұл жолы «АССАНДИ ТАЙМС» газетінің мәлімдемесіндегі сөздердің нақты мағынасын филологиялық жағынан саралау үшін екі жақтың да филолог сарапшылары тыңдалды. Және президент әкімшілігінің үстінен «АССАНДИ ТАЙМС» газеті қарсы сотқа шағымданып, өздерінің моралдық шығынын 100 теңгеге бағалайтындығын жеткізді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, президент әкімшілігінің «АССАНДИ ТАЙМС» және «Нави» интернет газетінің үстінен сотқа шағымдануына орайғы дүйсенбі күнгі сот мәжілісінде «Нави» интернет газеті редакциясының президент әкімшілігінен кешірім сұрап, оны жариялағандықтан аталған ақпарат құралы сот процесінен шығарылған болатын.

Енді қалғаны «АССАНДИ ТАЙМС» газетінің адвокаты Сергей Уткин өз пікірлерінен қайтпайтындығын тағы да қайталап отыр. Және президент әкімшілігіне қатысты күдіктенулеріне орайғы қажет болған жағдайда қайбір жайттарды да дәлелдей алатындықтарын тағы да білдірді.

Сондай-ақ ол кезекті сот мәжілісінде президент әкімшілігіне қатысты екі мәселе бойынша сотқа қарсы талап арыз тапсырды. Оның бірі президент әкімшілігінің әдлет органында тіркелуінде жіберілген заңсыздықтар болса, екіншісі «АССАНДИ ТАЙМС» газетін соңғы кездері президенттің саяси кеңесшісі Е.Ертісбаевтың негізсіз қаралауы болып отыр. Газет адвокатының пікірінше, бұл басылымның ар-ұжданына нұқсан келтіреді. Сондықтан Сергей Уткин президент әкімшілігі газетке моралдық шығын үшін 100 теңге төлеуі тиіс дейді. Бұл сома президент әкімшілігінің газетке салып отырған 100 миллион теңгесін азда болса азайтар еді дейді.

Дегенмен президент әкімшілігінің адвокаты Роза Қуанышбаева газет мәлімдемесінде олар нақты пікірлерін білдіргендігін айтады. Әрі өз ұстанымдарын дәлелдеуге деректері де жоқ дейді ол.

Алайда осы сот мәжілісіне қатысып жүрген «Сөз» газетінің редакторы Ш.Құрақбаев бұл биліктің өзімбілемдігі дейді.

Ал «Қазақстан» газетінің редакторы Серғазы Мұхтарбеков оппозициялық басылымдарға қысым күшейе бастағанын айтады.

Сөйтіп сейсенбі күні «АССАНДИ ТАЙМС» газеті істі жүргізіп жатқан Медеу аудандық сотының төрешісі Марат Мақсұтовтың ісіне қанағаттанбай, оған сенімсіздік білдіретіндіктерін жеткізді.
XS
SM
MD
LG