Accessibility links

Еуропадағы ең жоғарғы сот Еуропалық Одақтың қаржы министрлерінің Франция мен Германияға бюджет тапшылықтарын асырғаны үшін, айып пұл төлеу қажет емес деген шешімін жоққа шығарды.


Брюссельдегі сот Еуропалық Одақтың министрлер одағы валюталық Еуроодақта өздеріне жасаған келісімге сай ережеден тая алмайды деген қаулы шығарды. Қазіргі жағдайда, ережеде айтылғандай, егерде, бюджет тапшылығы ішкі жалпы өнімнен 3 пайызға асып кетсе, Еуропалық валюта аумағындағы кез келген 12 ел айып пұл төлеуі тиіс. Франция мен Германия өз бюджеттерін 2005 жылға дейін жөндейміз деген уәде берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG