Accessibility links

Ирақтың уақытша тағайындалған сыртқы істер министрі Хошьяр Зебари НАТО-ға өткен аптадағы жоғарғы деңгейдегі Стамбулдағы кездесуде қабылданған шешім бойынша, Ирақ армиясын оқытып жабдықпен қамтамасыз ету үшін, тез әрекет қолдану қажет екендігін айтты.


Зебари бұл туралы бүгін ертеңгісін Брюссельде мәлімдеген. Бұл кейінге қалдырылмайтын мәселе деді ол. Егер де оқытуда жабдықта бір пакет ретінде берілсе, бұл уақыт үнемдер еді деді Зебари. Натоның бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер Ираққа көмек көрсету бағытынан таймайтындығын айтты. Бірақ ол НАТО төңірегінде не жалпы одақ құрамында Ирақ әскерлерін оқыту туралы келіссөздер жүргізіліп жатқандығын айтты. Франция бастаған кейбір одақ өкілдері болса, тек Ирақтан тыс жерде әскерді оқытумен шектелетіндігін айтқан.
XS
SM
MD
LG