Accessibility links

Канада Иран астанасы Тегерандағы елшісін шақырып алды.


Иран билігі ирандық-канадалық журналист Захра Каземидің өлтірілгеніне орай, ұйымдастырылған сот процесіне шет елдік бақылаушыларды қатыстырмады. Содан кейін, Канада өз елшісін шақыртып алды. Канаданың сыртқы істер министрі Билл Грэм Иранның әрекеттері дұрыс емес деген баға берді. «Әділдікті жүзеге асыру үшін, сот процесі қоғам назарынан тыс қалмау керек»,- деді ол. Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Реза Азефиа болса, бұған дейін, бұл істі Иранның ішкі проблемасы деген. 54 жасар Каземи Канаданың Ирандық фото тілшісі. Бір жыл бұрын Тегеран түрмесін түсіріп жүрген кезде, қамауға алынғансоң ауырып қаза болған.
XS
SM
MD
LG