Accessibility links

Ирақтық әсірешіл топ Филиппинның бұл елдегі соңғы сарбазы шығып кеткенде ғана кепілдік тұтқында ұстап отырған азаматты босатамыз деген


Бұл жөнінде, ол тұтқын әскрелерін алып шағап кете бастаған өз үкіметіне рахметін айтқаннан кейін Ал-Жазира теледидары ісләмшіл топтың ол мәлімдемесін жариялаған. Бірақ Филиппин Ұлттық қауіпсіздік комитетінен кеңесші Гонзалестің айтуынша, 51 сарбазды шілденің 20сына дейін түгел алып шығып кету асығыстық болар.

- Біз жоспар бойынша Ирақта тамыздың 20сына дейін болуымыз керек еді. Бірақ, әңгіме Филиппин азаматын құтқарып қалуда болғандықтан президентіміз ол мәселені жеделірек шешуді қолдап отыр , - деген Норберто Гонзалес.

Ал,бейсенбіде Ирақ бас министрі Айад Аллауи бүлікшілдік әрекеттерге қарсы күресетін арнайы қызмет мекемесі құрылатындығын жариялады. Бұл күні екі көлік бомбы шабуылында Ирақта кемінде 12 адам қаза тапты.

AzattyqTV

Теңіз жағасындағы үй

Людмила Путинаның вилласы

XS
SM
MD
LG