Accessibility links

«АССАНДИ ТАЙМС» газетіне шығарылған сот шешіміне бірқатар саясаткерлер наразы.


Бейсенбі күні Алматы қалалық Медеу аудандық соты президент әкімшілігінің пайдасына оппозициялық «АССАНДИ ТАЙМС» газетінен 50 млн. теңге, яғни 365 мың доллар және газет мүлкін қамауға алу туралы шешім шығарғанын хабарлаған болатынбыз. Алайда бірқатар саясаткерлермен елдегі журналистік қауымдастық өкілдері бұл шешімді біржақты деп бағалап, Қазақстандағы баспасөз бостандығы мен сөз еркіндігін шектейді деген көзқарастарын білдіріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, президент әкімшілігінің оппозициялық басылымдар - «АССАНДИ ТАЙМС» және «Нави» интернет газетінің үстінен сотқа шағымдануына орайғы ақырғы үкім - «Нави» интернет газеті редакциясының президент әкімшілігінен кешірім сұрап, оны жариялағандықтан аталған ақпарат құралы сот процесінен шығарылып, ал «АССАНДИ ТАЙМС» газетінен 50 млн. теңге, яғни 365 мың доллар және газет мүлкін қамауға алу туралы шешіммен аяқталған-ды.

Алайда бірқатар саясаткерлермен бірге әсіресе оппозициялық басылымдардың басшылары бұл қадамға өздерінің наразы екендіктерін білдіруде.

Саясаткер Балташ Тұрсынбаев бұл қадамның елдегі жоғарғы биліктің сайлау алдындағы өте қатқыл қаракеті екендігін айтады.

Ал осы сот мәжілістеріне бастан аяқ қатысқан «Сөз» газетінің редакторы Ш.Құрақбаев қазір билік тарапынан оппозициялық басылымдарға қысым күшейе бастағанын жеткізді.

Сондай-ақ «Қазақстан» газетінің редакторы Серғазы Мұхтарбеков осы сот барысында белгілі болған президент әкімшілігінің әділет мекемесіндегі тіркелуінің заңсыздықтарына қайран қалатынын айтады.

Саясаткер Сейдахмет Құттықадам болса, бұл сот шешімінің өзгеруі мүмкін екеніне болжам жасайды.

Және де саясаткер С.Құттықадам сайлау алдында жаңа ақпарат министрін пайдаланып, билік өз пайдасы үшін түрлі әрекеттерге баруы мүмкін екенін айтады.
XS
SM
MD
LG