Accessibility links

Каспий теңізі бетіне шыққан мұнай дақтарының шығыны 5 миллионнан аса теңгеге бағаланды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Шілденің 14-і күні Каспий теңізінің бетінде мұнай қалдықтары пайда болды. Алайда, мұнай қалдықтарының қайдан пайда болғаны әзірге анықталған жоқ. Ал, оның шығыны 5 миллион теңгеден асады деп бағаланып отыр. Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Мемлекеттік бақылау департаментінің жедел анықтау бөлімінің бас маманы Қасқырбай Мұқанов “Азаттық” радиосына хабарлады.

Эколог мамандар Каспий теңізінде мұнай қалдықтарының пайда болуы бұған дейін де болған әлі де болады. Алайда, бұл мұнайдың сумен араласып қоршаған орта үшін зиянын асыра түспесе кемітпейді. Бұл жағдай Үкіметтің тыңғылықты назарын қажет ететін дүние деседі.

Шілденің 7-інде Өзен-Атырау мұнай құбырының 282-ші шақырымында үлкен жарылыс болғаны белгілі. Онда 17 тонна мұнай сыртқа төгіліп жерді ластаған. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бұл жарлыстың себебі анықталуда деп отыр.

Ал, шілденің 14-і күні Каспий теңізі бетінде мұнай қалдықтарының қайдан пайда болғаны да әзірге анықталуда, дейді Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің жедел анықтау бөлімінің бас маманы Қасқырбай Мұқанов.

Ауыл шаруашылық министрлігінің сур ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, бұрын каспий теңізінің деңгейі төмен болған. Ал, 1980 жылдың соңынан бастап теңіз деңгейі көтеріліп көп ұңғылар су астында қалған. Су тұздылығының өте жоғары болуына байланысты ұңғыны жапқан тығындылары, тұрбасы шіріп қысыммен жатқан мұнай біртіндеп шығып жатыр. Оларды жөндеу керек. Қайтадан консервация жасап, шықпайтындай ету керек. Ол көп қаражатты қажет етеді. Бірақ осы жағынан жұмыс істеу керек, дейді.

Эколог маман Мұсағали Дуамбетов мұнай таситын танкилер теңіз түбінде жатыр. Одан бері қанша уақыт өтті. Үкімет болса ол жайында үндемейді. Бұл экологиялық мәдениеттің төмендігі. Ол танкирлердің жағдайы не болып жатыр. Танкирді көтереміз бе деген ешқандай сөз жоқ. Енді мұнай шығып ауыз суына араласайын деп жатыр, дейді.

Теңіз бетіндегі мұнай қалдықтарын жинап алынғанмен оның экологиялық зардабы жойылды деуге болмайды. Капийдегі талай оқиғаның куәсі болдық. Итбалықтар, аққулар қырылды, дейді Мұсағали Дуамбетов.

Каспий табиғаты үкіметтік емес қоғамдық ұйымының төрағасы Махамбет Хәкімовтің айтуынша, теңізді мекендейтін жануарлар сиреп барады. Итбалық, аққулар Ақтаудың қасында жыл сайын қыстайтын еді. Бұрнағы жылы көп аққу қырылып қалды. Өткен қыста ол жерге мүлдем келген жоқ, дейді.

Эколог Мэльс Елеусізов болса Каспийдегі бекіре балықтарының жойылу мүмкіндігі бар деп есептейді.

Тағы бір эколог маман Молдағали Масханұлы экологиялық зардаптарға әлі күнге есептеу-талдау жасалмай отыр деген пікірді айтады.

Сонымен, Каспий теңізі бетіндегі мұнайдың қайдан пайда болғаны әзірге беймәлім. Осы сала министрлігі мәселенің мәнісін анықтап, тиісті орындарға талап хаттама жібереміз деп отыр.
XS
SM
MD
LG