Accessibility links

Адамдарды құлдықта ұстаған ағайындылар ұсталды

  • Айнагүл САҒДИ

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы Түйетас ауылының тұрғындары ағайынды Халитовтар екі адамды құлдықта ұстап, ауыр жұмысқа салған. Олар құлдардың бірін адам айтқысыз жағдайда шынжырлап ұстаған. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдері көлемінде де кездесіп отыр дегенді айтуда. Полиция қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданы Түйетас ауылында 2 адамды күндіз ауыр жұмысқа салып, түнде олардың бірін адам төзгісіз жағдайда шынжырлап, құлдық жағдайда ұстаған ағайынды Халитовтардың ісін әшкереледі. Осы оқиғаға қатысты Бәйдібек аудандық ішкі істер бөліміне хабарласқанымызда, бөлім бастығы Серік Өтембаев мұндай оқиғаның Қазақстан бойынша ресми түрде екінші рет тіркеліп отырғанын, бұл іспен нақты қалалық ішкі істер басқармасының айналысып жатқандығын айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданындағы Түйетас ауылының тұрғындары ағайынды Халитовтар екі адамды құлдықта ұстап, ауыр жұмысқа салған. Олар құлдардың бірін адам айтқысыз жағдайда шынжырлап ұстаған. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері мұндай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, Орталық Азия елдері көлемінде де кездесіп отыр дегенді айтуда.

Полиция қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Бәйдібек ауданы Түйетас ауылында 2 адамды күндіз ауыр жұмысқа салып, түнде олардың бірін адам төзгісіз жағдайда шынжырлап, құлдық Алайда, Шымкент қалалық Ішкі Істер Басқармасының 3-ші полиция бөліміне хабарласып, бөлім бастығының орынбасары Егемқұл Жүнісовтен мардымды жауап ала алмадық. Егемқұл Жүнісовтің бар айтқаны істің сотқа жіберілгендігі.

Полиция қызметкерлеріне құлдықта болған 50 жастағы Николай Семыкин күні бойғы ауыр еңбектен кейін кешкілік ит байлайтын шынжырда ұсталғанын, жататын жерлерінің де болмағандығын айтқан. Қожайынның туған-туысқандары кішкентай ғана ауыл маңында тұратын болғандықтан қашып шығу да мүмкін болмаған. Алайда, ебін тауып құлдықтан қашып шыққан бір азаматтың полицияға хабарлауынан кейін ғана бұл оқиғаның беті ашылған. Түйетас ауылымен байланысу мүмкін болмауы себепті олармен хабарласа алмадық. Ал көшіқон жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстандағы адам саудасына қарсы бағдарламасының үйлестірушісі Екатерина Бабикова «Өкінішке орай бұндай оқиғалар көптеп кездеседі, алайда, дәл санын айту қиын, мұндай жағдайларға қатысты шағым айтып, өтініш жазушылар да аз, оған себеп те жоқ емес», - дейді.

Ал адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Халықаралық бюро төрағасының орынбасары Жеміс Тұрмағамбетова полицияның осындай оқиғаларға байланысты мән бермей отырғандығына қынжылыс білдірді. «Құлдыққа алғандардың барлығы сотталып, жазаларын тартулары қажет. Білместіктің кесірінен заңды бұзып жатады, адамның құқы бұзылуы тиісті емес. Полиция қызметкерлерінің осындай оқиғаларға неліктен бей-жай қарайтындарын түсінбеймін. Мұндай оқиғаның соңы немен тынары да белгісіз. Қазір барлығын парақорлық жайлап алған, сотқа жеткізбеуі де мүмкін», - дейді.

Ал Шымкент қалалық Ішкі істер Басқармасы 3-полиция бөлімінің хабарына қарағанда, құл ұстаған ағайынды Халитовтардың ісі сотқа жіберілген.
XS
SM
MD
LG