Accessibility links

Үндістанда мектеп өртіне қатысты бес адам қамалды


Үндістанның Кумбаконам қаласында кешегі өрт себебін тергеуге орай бес адам тұтқындалды. Өрт кезінде 90 бала өлген. Билік өкілдерінің сөзінше, тұтқындағы мектеп директоры, аспазшы және тағы үш қызметкерге жұмысына селқос қараған деген айып тағылуы мүмкін. Апат құрбандарын жерлеу рәсімі өтті. Өрт мектептің ас үйінде басталған. Іле-шала от шатырға көшіп, барлық ғимаратты баулап алған.
XS
SM
MD
LG