Accessibility links

Палестина бас министрі Ахмед Кюрейдің арызы қабылданбады


Ахмед Құрей елдегі қауіпсіздік саласындағы аласапырандық жағдайға байланысты сенбі күні қызметтен кетуге арыз берген болатын. Бірақ Палестина төрағасы Ясир Арафат өтінішті қабылдамады. Палестин еліндегі бірқатар кісі ұрлануына орай үкімет төтенше жағдай жариялап, Арафат қауіпсіздік қызметі алдына үлкен міндет қойған болатын. Кабинет министрі Саеб Ерекеттің айтуынша, Ғаза жолағындағы қауіпсіздік мәселесі одан әрі ұшығып тұр.

- Бұл аймақтағы заңсыздық әрекеттері бұрын соңды болмаған дәрежеде Палестина мүдделерін аяқ асты етіп отыр - дейді министр. Газа жолағында соңғы тәулікте алты адам ұрланды. Олар – ұлттық полиция мекемесінің және франциялық қайрымдылық ұйымының 4 қызметкері. Дегенмен олар кейінірек босатылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG