Accessibility links

Соғыс жылдарында Солтүстік Кореяға өтіп кеткен бұрынғы америкалық солдат бүгін Жапонияға келді


Токиода оны тұтқындап, АҚШ тарапына тапсыру мүмкіндігі бар екендігі де ескертілген болатын. Сол ескертулерге қарамастан, 64 жасар Чарлз Роберт Женкинс және оның жапониялық әйелі Индонезияда бірнеше жыл тұрып, енді Жапонияға келіп отыр. Оңтүстік Кореядағы АҚШ әскери қарауылдығынан жоқ болып кеткен ол 1965-ші жылдан бері Солтүстік Кореяда тұрған. Токиода ол денсаулық жағдайын тексертпекші. АҚШ-тың Жапониядағы елшісі Ховард Бейкер Женкинсті тұтқындауды кейінге қалдыруды Вашингтонның қарастырып жатқандығын айтты.
XS
SM
MD
LG