Accessibility links

Мусса Арафат қауіпсіздік қызметі жетекшісінің лауазымынан айырылды


Палестина автономиясының премьер-министрі Ахмед Корей өзінің отставкаға кетемін деген өтінішін қайтып алған жоқ. Сол сиякты Ахмед Корей Палестинада ала-сапыран жалғасын тауып жатыр, дегенді атап өтті. Ясир Арафат қауіпсіздік қызметінің бастығы Мусса Арафатты отставкаға жіберді. Ясир Арафаттың жақын күндері қауіпсіздік қызметінің бастығы орнына өз туысы Мусса Арафатты тағайындауы, түрлі наразылық тудырған болатын. Кеше палестиналық экстремисттік топтар мен Мусса Арафатты қолдаушылар арасында болған қақтығыстардың салдарынан 18 адам жарақатталды. Бүгін автономия жетекшісі Ясир Арафат қауіпсіздік қызметі бастығы орнына генерал Абдель Резака Маджаиға қайта келуін сұрады.
XS
SM
MD
LG