Accessibility links

Болат Әбіловтің соты парламент сайлау науқаны басталған күні қыза түсті

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Шілде айының 19-ы күні Алматы қаласының Бостандық сотында “Ақ жол” партиясының тең төрағаларының бірі - Болат Әбілов пен депутат Мұхтар Тінекеев арасындағы дауға байланысты сот отырысы жалғасты.

Бұдан бұрында Болат Әбіловке қатысты қозғалып жатқан қылмыстық және азаматтық істерді бір судья - Бостандық аудандық сотының төрағасы Ибраевтың қарап жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Болат Әбілов екі істі бір төрешінің қарауы заң бұзушылық, - деп мәлімдеген болатын. Осыған орай, шілденің 19-ы күні болған сот отырысы барысында Болат Әбілов өз тарапынан өзіне қатысты қозғалып жатқан екі іс бойынша сот отырысына төрелік еткен судья Ибраевтан бас тартатындығы жөнінде мәлімдеп, істі қарауды басқа судьяға жүктеу жөнінде Бостандық аудандық сотына өтініш түсірді.

Алайда Бостандық аудандық соты Болат Әбіловтің өтінішін негізсіз деп тауып, сот процесін бұрынғы судья Ибраевтың жалғастыратындығын жеткізді. Дүйсенбі күнгі сот отырысында Болат Әбіловтің Зәрубай Әбілов, Семен Альтов, Еркінбай Әубәкіров, Айтқожа Фазылов есімді куәгерлері депутат Тінекеевтің депуттатыққа өтер кезде, Қарағанды қаласында ақша іздеп, жүгіргендігінен хабарлары бар екендігін айтып, түсінік берді. Сондай-ақ олар өздеріне жоғары жақтан түрлі қоңыраулар мен қысымдар жасалып жатқандығын айтты.

Куәгер Семен Альтов : - Мұхтар Тінекеев сайлау барысында басты қарсыласы Болат Әбіловтің өзінен басым дауыс жинап қоюы мүмкіндігінен қорқатындығын, сондықтан мені Болат Әбіловке қарсы айыптаулар жазуға үгіттеді. Мен бұл ұсыныстан бас тарттым. Мұны Тінекеевте жоққа шығара алмайды. Сайлау кезінде оның ақша іздеп жүгіргендігін де білемін, - деді.

Куәгер Айтқожа Фазылов: - Өткен жылы мәслихат депутаттығына кандидат болдым. Халықпен кездесу барысында Тінекеевке қатысты қойылған сауалдардың біріне біздің парламентке Тінекеев сияқты депутат керек шығар, деп жауап бердім. Ертеңіне Тінекеев маған сенің басың 1-ақ доллар, миллионымен маған Әбіловте ештеңе істей алған жоқ. 100 "штукқа" бар шаруамды бітіріп алдым,- деді. Мұны Тінекеев өз аузымен айтты.

Сот отырысынан шыққан Мұхтар Тінекеевке микрофон ұсынып пікірін білмек болғанымызда, ол сот шешімі шықпай ешқандай түсінік бермеймін,- деді.
XS
SM
MD
LG