Accessibility links

Петропавлда мүмкіндіктері шектеулі спортшылар арасында чемпионат өтуде


Биылғы жыл - дүниежүзі спортшылары үшін Афина қаласында өтетін Олимпияда ойындарымен ерекшеленсе, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін де – Паралимпиадалық ойындармен маңызды.Осы күндері Қазақстанда Паралимпияда ойындарына қатысатын ұлттық құрама спортшылары белгіленуде.

Солтүстік - Қазақстан облысындағы Петропавл қаласында шілденің 19-і мен 22-сі аралығында жеңіл атлетикадан және мүгедектер арбасымен жарыс түрлерінен мүмкіндіктері шектеулі жандар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтуде. Солтүстік - Қазақстан облысының спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары Тұрсынбай Сатқожинның айтуынша, аталмыш жарысқа республикадан 10 команда қатысуда. Барлығы 113 спортшы күш сынасып жатқан бұл жарыс, 22-і күні түсте, өз мәресіне жетеді. Тұрсынбай Сатқожин, облыста бірнеше мың мүгедектер бар болғанымен, облыс шеңберіндегі өткізілетін барлық жарыстарға 67 мүмкіндіктері шектеулі спортшы қатысады дегенді айтты. Солтүстік - Қазақстан облысы бойынша 3 спортшы алдағы Паралимиядалық ойындарға қатысатын Қазақстан құрамасына мүше болды. Олар Евгений Тетюхин, Сергей Усольцев және Руслан Далабаев деген азаматтар.
XS
SM
MD
LG