Accessibility links

Көптеген ауыл тұрғындарының жер үлестерiнен айрылып қалу қаупi бар

  • Ескендір ЕРТАЙ

Қазақстанның "Жер кодексi" бойынша 2005 жылғы қаңтардың 1-iнен бастап, шартты жер үлесiн екiншi тұлғаға жалға беруге тиым салынады. Яғни, жер қатынастары тек меншiк иесi мен мемлекет арасындағы келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

Осыған орай, ауыл тұрғындарының жер үлестерiнен айырылып қалмауына көмектесу үшiн парламент мәжiлiсiнiң бес депутаты "Туған жер" қоғамдық қозғалысын құрып, оны мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге талпынуда. Журналистермен кездесуiнде Қуаныш Алпысбеков, Владислав Косарев, Хамит Әмiрғожиндер республикалық қозғалыстың облыстар мен аудандарда бөлiмшесiн құруды жоспарлап отыр. Бұл «Жер кодексi» қабылданғанға дейiн де көп талқылаудан өткiзiлдi. Өз ұстанымынан қайтпаған Иманғали Тасмағамбетов бастаған үкiмет те отставкаға кеткен соң, Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың парламентпен екi арадағы келiсiмi негiзiнде осы «Жер кодексiнiң» 170 бабының 2-шi тармағын 2005 жылдан бастап қолданысқа енгiзу жоспарланды. Осы заңды ұсынған жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Каналбек Райымбековтың айтуынша, заңның негiзгi мақсаты осыдан туындайды. Яғни, мемлекет пен тауар өндiрушiнiң арасындағы делдал ретiндегi адамдардан құтылуға мүмкiндiк туатын көрiнедi. Ал, «Туған жер» қоғамдық қозғалысына бастамашылық етушiлер қалай болғанда да қарапайым адамдардың құқығын сақтап қалудың жолдарын қарастыруда. Бұған жұртшылықтың көзқарасы дұрыс болғанымен қолдарында ақшасы, техникасы жоқ ел жердi қалай пайдаланбақ. Сондықтан жер мемлекет иелiгiнде болғаны жөн деген пiкiрдi қуаттаушылар көп. Солтүстiк Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Мортық елдi-мекенiнiң мұғалiмi Қазыбек Қошамбаевтың айтуынша, жердi жалға алушылар қарапайым жұрттың ақысын жеп отыр. Өзi де пай ретiндегi жер үлесiнен көп пайда көрiп отырған жоқпын, алғашқыда жалгермен түскен өнiмнiң он пайызын алатын болып келiскенiмен, жеме-жемге келгенде бес пайызына әрең қол жеткiзiп отырмын»,-- дейдi.

Бұл пiкiрдi қолдаған Астана iргесiндегi Көктал ауылының тұрғыны Ерлан Әмiрұлы да күнделiктi өмiрде болып жатқан фактiлердi алға тартады. Оның айтуынша, «Оразақ» ауылының тұрғындары «Агроцентр-Астана» компаниясына өз үлестерiн өткiзген, Нәтижесiнде айына 3 мың теңге көлемiнде ғана ақшаны қанағат тұтып отырған көрiнедi. Парламент депутаты Аманкелдi Айталының пiкiрiнше, жер пайынан айрылуды тоқтату қиын. Ол заңдастырылған. Парламент мақұлдаған заңмен үкiмет жұмыс iстеп отыр. Қазiрдiң өзiнде бiр миллионға жуық адам жерсiз қалып, қалаға қоныс аударып жатыр.

Қазақстан жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитет төрағасының орынбасары Каналбек Райымбековтың айтуынша, 1992-1997 жылдары 2 миллион 300 мың адамға шартты жер үлесiнiң куәлiгi тапсырылған. Олардың төрттен бiрi оны жалға беру арқылы мемлекет пен тауар өндiрушiлердiң арасында делдалдық етiп отыр.
XS
SM
MD
LG