Accessibility links

Электронды сайлау жүйесінің тиімділігі мен құпиялылығы күдік тудырып отыр

  • Мариям БЕЙСЕНҚЫЗЫ

Шілденің 21-і күні Алматыда "Майкрософт" компаниясының Орталық Азия елдеріндегі бас директоры Айдар Дәулетов алдағы парламент сайлауында “Сайлау” электрондық жүйесінің енгізілуіне байланысты сайлау кезінде сенімділік пен қауіпсіздікті қаимтамасыз ету мақсатында Microsoft Windows XP операциялық жүйесі қолданылатындығы жария етті. Ол Windows XP жүйесі Windows операциялық жүйелерінің ішіндегі ең сенімдісі және жетілдірілген қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз етеді. Бұған біз кепілдік бере аламыз, деп мәлімдеді.

Сарапшы маман Жандос Қашқынбаев болса электронды дауыс беру жүйесі сайлауда қауіпсіздік пен құпиялылықты қамтамасыз ете алмайды, дейді. Өйткені компьютердің өзіндік ойлау қабілеті жоқ. Программист қандай команда берсе компьютер соны орындайды. Оның айтуынша, электронды сайлау жүйесінің сайлау туралы заңға қайшы тұстары бар. Сайлау туралы заңның 8-бабында сайлауда жасырын дауыс беріледі, әрі сайлаушының құпия дауыс беруіне бақылау жасалынбайды. Ал электронды сайлау жүйесінде құпиялылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Электронды жүйенің басқарушысы кез-келген уақытта қордағы жиналған мәліметтерді білуіне мүмкіндік бар, дейді Жандос Қашқынбаев.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали сайлауда ескіше қағаз бюллетеньдер арқылы берген дұрыс болар еді. Осы электронды жүйені ұйымдастырушылардың ниеті дұрыс болар. Бірақ берілген дауыстарды ұрлау мүмкіндігі болады, дейді. Саясаттанушы Берік Әбдіғалиев болса соны ұйымдастырып отырған орталық сайлау комиссиясына да сенбейтіндігін айтады. Орталық сайлау комиссиясы электронды сайлау жұйесін алып жағдайды одан әрі сенімсіздік тудыруда, дейді.
XS
SM
MD
LG