Accessibility links

АҚШ әскери әуе күштері Ирақтың Әл-Фалуджа қаласына тағы да соққы берді


Бүгін таңертең АҚШ-тың әскери әуе күштері Ирақтың Әл-Фалуджа қаласына тағы да соққы берді. Әуе соққысы әскерилердің мәліметтері бойынша Әбу Мұса Әз-Зарқауи бастаған лаңкестік топтың мүшелері жасырылған ғимараттарға берілді. Бұл шабуыл Ирақ үкіметімен алдын-ала келісілді. Жергілікті тұрғындардың айтуларына қарағанда, әуе соққысынан кем дегенде 5 бейбіт тұрғын жараланды. Кеше кешкісін Сумарра қаласының маңайында АҚШ-тың әскери автокеруеніне тасадан шабуыл жасалып, 2 АҚШ жауынгері оққа ұшты.
XS
SM
MD
LG