Accessibility links

Астанада авторлық әндердің халықаралық фестивалі басталды

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ

Шілденің 23-і күні Астанада авторлық әндердің «Астана-2004» алтыншы халықаралық фестивалі басталды. Фестиваль Астанада 1999 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, авторлық әндердің фестивалі Қазақстан және Ресей халықтарының ықыласына бөленген және әділ қазылар алқасына халыққа танымал белгілі авторлық орындаушылар тартылып келеді. Ал, конкурсқа түсушілер де өнердің сынына батыл қарсы тұра алатындар. Фестиваль сонысымен де қызықты және танымал деседі.

Аталған шара шілденің 25-і күні мәресіне жетеді. Алайда, онда шырқалатын әндер негізінен орыс тілінде болмақ. Ал, қазақ тілінде айтатын бард әншілер бұл фестивальге қатысуға аса ықыласты болып отырмағанын байқатады. Халықаралық фестивальдің үйлестірушісі Ольга Юдина аталған шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-авторлық әндерді насихаттау. Өйткені, авторлық әндер әнмен бірге мазмұндық мағұлмат беретін көптеген жанрдың бірі. Әнге ғана емес поэзияға сүйсіпеншілікпен қарауға тәрбиелейтін жанр. Бұл жанрды туризммен байланыстыруға болады. Туризмді насихаттау-бұл да фестиваль мақсатының бірі, дейді Ольга Юдина. Авторлық орындаушылардың алтыншы халықаралық фестиваліне Ресейден, Украинадан, Қырғыз Республикасынан, Германиядан, Израйльден келеді деп күтілуде. Жыл сайын фестивальге шамаман 150 авторлық орындаушы қатысады, дейді.

Қазақстандық авторлық орындаушы Атырау облысының Индер аудандық мәдениет бөлімнің меңгерушісі Табылды Досымов бұл фестивальге қатысып отырған жоқ. Ол 1985-1986 жылдары өзінің 20 шақты бардтық әндерім шыққан, қазір де жазу үстіндемін дейді. Екі дыбыс таспам және жинағым шықты дейді Табылды. Досымовтың пікірінше, бард өнері қазіргі уақытта кең көлемде дамып отырған жоқ:

- Қазақстанда бард өнерін қазақ тіліне бағыштау кемшін соғып жатыр. Бірақ мен біраз нұсқаларын жасап жатырмын.

Халықаралық фестивальдің үйлестірушісі Ольга Юдина бір кездері Целиноград қаласында «Фоминго» клубы болған дейді. Көбісі жан-жаққа тарап кетті. Көңілсіздікті сейілту үшін фестиваль ұйымдастыру туралы бастамамызбен Астана қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджановқа бардық, ол өзі де өнер адам болғандықтан қолдады делінеді. Авторлық орындаушылардың халықаралық фестивалінің жеңімпаздарына гитара және басқа да сыйлықтар табыс етілмек.
XS
SM
MD
LG