Accessibility links

Афин Олимпидасына Қазақстаннан 118 спортшы барады


Биылғы жылдың маңызды да ерекше оқиғасы Афина қаласында өтетін Олимпиада ойындары. Қазақстан құрамасының 2004- ші жылғы тобы 118 адамнан тұрады. Әлемдік маңызы бар додадан алтыннан алқа тағып келген спортсмендерге 100 мың АҚШ долларын берілетін болады. Күміске – 50 мың ал, қола медальдің иегеріне АҚШ долларымен 30 мың көлемінде ақшалай сыйлық тапсырылатын болады.

Тамыз айының 13-і мен 29-ы арасында Грекия астанасы Афина қаласында Олимпиада ойындары жалауын көтермек. Дүниежүзінің 202 елінен ең таңдаулы спортшыларды өз күшін сынайтын болады. Қазақстан Республикасының туризм және спорт агенттігі төрағасының баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің айтуынша , биылғы жылдың ұлттық құрама командасында 118 спортшы болмақ:

- 118 спортшының ішінде 30 спортшы бірінші ондыққа ілінеді деген ойдамыз.Және де 17 спортшы жүлдеге ілінеді деген жоспар құрып отырмыз.Спорттың бірнеше түрінен оның ішінде өздеріңізге белгілі бокс, еркін және греко-рим күресі, спорттық гимнастика және ауыр атлетика.Мысалы мына Филимоновтар, Ахметовтар жүлдеге ілінеді деген жоспар құрып отырмыз.Жалпы біздің агенттіктің құрып отырған жоспары бойынша 4 жоғары жүлде яғни 4 алтын медаль иеленеміз деген үміттеміз.

Жарысқа дайындық жұмыстарын ұлттық құрама спортшылары белгіленген жерлерде өткізіп жатыр Оның бірі Қазақстанның өз ішінде болса, ендігілері жақын және алыс шет елдерде. Диас Ахметшәріптің айтуынша, 2004-ші жылғы Олимпиада ойындарына спорттың бір түрінен спортшылар бармайтын болып отыр:

-Мына өткен 2002-ші жылы Кореяның Бусан қаласында Азия ойындарында қылыштасу –семсерлесу спорт түрінен біздің спортшылар Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған, яғни алтын медальды иеленген. Өкінішке орай, Олимпиадаға лицензиялық турнирде қылыштасу – семсерлесу спортындағы біздің спортшыларымыз лицензия ала алмады. Жалпы, өзіміз жоспар құрған спорт түрінен барша спортшылар Олимпиадаға жолдама алды.Жалғыз ала алмаған сол қылыштасу-семсерлесу спорт түрінен спортшылары. Жалпы, Қазақстан құама командасы Азия құрлығында ең күшті команда болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасы туризм және спорт аггенттігі төрағасының баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің айтуынша, биылғы жылы Қазақстнанан ұлттық құрама команда спортшылары м түңғыш рет қазақ ауылы апарады:

-Бұл Олимпиада ойныдарына біз тұңғыш рет қазақ аулын апара жатырмыз, Афина қаласында қазақ ауылы тігіледі. Көрем деушілерге, Қазақстанды білем деушілерге әр қашанда қазақ ауылының есігі ашық болады. Яғни туристтер, спортшылар және Олимпиада қонақтары қазақ ауылына келіп, Қазақстанның тұрмысымен, мәдениетімен, салт- дәстүрімен таныса алады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG