Accessibility links

Қазақстандық сарапшылар 11/9 комиссиясының баяндамасында жаңалық таппады

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Біршама уақыттан бері АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасын жіті зерттеген тәуелсіз комиссия өз жұмыстарының қорытынды баяндамасын жариялады. Онда комиссия мүшелері о бастан айтып келгеніндей үлкен қателікке АҚШ әкімшілігі Әл-Қайда террористік ұйымынан туындайтын қауіпті жете ескермеуінен жол берген деген тұжырым жасаған. Және баяндамада айтылғандай, бұл тақырып 2000 жылғы президент сайлауы кезінде ғана талқылай басталған.

Сөйтіп, тәуелсіз комиссияның сараптауы бойынша, АҚШ басшылығы мен бірге бұл іске АҚШ қорғаныс жүйесі мен барлау мекемелері шабуылдардың алдын алатын жүйені қамтамасыз етпеді деген қорытындыға келген. Енді осы мәселеге қатысты қазақстандық саясаттанушылар түрліше пікірлер білдіріп отыр. Алдымен АҚШ-тағы 11 қыркүйек оқиғасына зерттеу жүргізген тәуелсіз комиссия жұмысына тоқтала кетсек, қорытынды баяндаманы жасауға толық 20 ай уақыт кетіпті. Зерттеу барысында АҚШ әкімшілігі ұсынған 2,5 миллионға жуық беттен тұратын түрлі материалдар сараптаудан өткен. Сондай-ақ тәуелсіз комиссия мүшелері дәлел – дерек жинау барысында шамамен 900 – дей кездесулер өткізген. Тәуелсіз комиссия алдында елдің президентінен бастап, қарапайым азаматтарына дейін жауап бергені белгілі. Нәтижесінде барлау қызметтері сынға алынады. Дегенмен оған жауапты жоғарғы лауазымды қызметкерлерінің аттары аталмайды. Баяндаманың әлеуметтік салмағы қаншалықты болады? Ол қандайда бір өзгерістер алып келе ме? Саясаттану ғылымдарының докторы,профессор Камал Бурханов аталған баяндама алдағы сайлауда Джордж Буш үшін қолайсыздық туғызатындығын айтады. Сондай-ақ саясаткер Сейдахмет Құттықадам АҚШ бұл баяндамадансоң қорғанысты нықтап, халықаралық терроризммен күресті күшейтуі мүмкін деп айтады. Жалпы алғанда біз тілдескен бірқатар саясаттанушы баяндаманың жаңалығы шамалы деп айтып отыр.
XS
SM
MD
LG