Accessibility links

Арнайы комиссияның АҚШ-та қыркүйектің 11- де болған террористік шабуылдардың алды алынбады деп тапты

  • Әбдіғани ЖИЕНБАЙ

2001 жылғы 11-қыркүйекте АҚШта болған лаңкестік шабуылдар жөнінде 20 айға жалғасқан тергеу қорытындысын арнайы комиссия шілденің 22-де жариялады. Комиссияның пікірінше, АҚШ қауіпсіздік қызметі әлемдегі террорлық қауіп-қатерге байланысты шараларға дайын болмай шыққан.

Сонымен, қос партиядан мүшелер қатысқан арнайы комиссия бір жыл сегіз айға жалғасқан тергеу нәтижесінде АҚШта 11-қыркүйекте болған террорлық шабуылдар жөнінде 567 беттен тұратын баяндама жариялады. Комиссия қорытындысында жазылғанындай, АҚШ қауіпсіздік қызметі аппараты қырғи-қабақ соғысы кезіндегі тәсілмен жұмыс істеп, үлкен қауіп төндірген Әл- Қаида сияқты топтардың әрекектеріне тиісті соққы бере алмаған.

Комиссия Орталық барлау агенттігі мен Федералдық тергеу бюросы атына террорлық шабуылдарға жол бергендігіне байланысты қатты сын айтты. Ол орындардың жұмысын қадағалай алмаған Конгреске де айып тағылған. Комиссия төрағасы Томас Кейн атқарылған тергеу жұмысын қорытындылай келе былай дейді:

- Біз ондай террорлық шабуылдарға дайын болмай шықтық. Көп уақытқа дейін біз төніп келген қауіп жөніне мән бере алмадық. Комиссия есебінде келтіргеніміздей, мемлекеттік саясатта, басқару ісінде қатеге жол берілген.

Қос партиядан құрылған он мүшелі комиссия қазіргі президент Джордж Буш және бұрыңғы президент Билл Клинтонға кінә тақпаған. Бірақ, Джордж Буш Ирақ соғыс үшін себеп болды деген жағдай Әл Қаида мен Ирақ үкіметі арасындағы байланыс анықталмаған.

Комиссия лаңкестікке қарсы күресетін ұлттық орталық құрылып, оның директоры барлау агенттігі, Федералдық тергеу бюросы және қорғаныс барлау агенттігінің үстінен бақылау жасауы керек деген ұсыныс айтады.

Комиссия төрағасы Кийн мен оның орынбасары Хамилтон президент Бушқа комиссия қорытындысының нұсқасын тапсырды. АҚШ президенті ол құжатты ала тұрып атқарылған жұмыс үшін ризашылығын білдірді:

- Комиссия мүшелері 2001-жылғы қыркүйекке дейінгі ел ахуалы жөнінде көп нарсені анықтап, болашақта бұл салада не істеу қажет жөнінде аса маңызды ұсыныстар жасаған. Ал өз кезегінде үкімет те өзіне тиісті міндеттерді орындайтын болады.

Комиссияның пікірінше, АҚШ әкімшілігі Әл Қаида ұшақ алып қашушыларын дер кезінде тоқтатуға мүмкіндіктері болған. Комиссия төрағасы Кийннің айтуынша, АҚШ үкіметі террорлық шабуылдардың алдын ала алмаған:

- Тоғызыншы қыркүйекке дейін АҚШ үкіметі қолданған шаралардың еш қайсысы Әл Қаидалықтардың жұмыстарына кедергі бола алмаған.

Бейсенбі күні АҚШ теледидарынан көрсетілгеніндей, 2001 жылғы қыркүйектің 11-інде әужайдағы детектордың дабыл қаққанына қарамай төрт террорист ұшаққа жіберілген. Міне сол ұшақ Пентагонға барып соғылған. Қырғи-қабақ соғысы кезінде ең үлкен қауіп есептелген ел Советтік одақтан кейін АҚШ өз барлау қызметін тиісті арнаға бағыттай алмаған екен. Ал бұл арада Осама бин Ладен Әл-Қаида ұйымын орнықтырып үлгірген. Сонымен Бин Ладеннің адамдары АҚШ әуе жолы мен шекара қауіпсіздігі қызметіндегі осал жерлерді ұтымды пайдаланған дейді арнайы комиссия қорытындыда.
XS
SM
MD
LG