Accessibility links

Қазақстандағы парламент сайлауы алдындағы саяси жағдайға американдық сарапшылар өз бағасын берді


Шілденің 23іі күні Алматыда АҚШ Ұлттық демократиялық Институты қаржыландырған халықаралық сайлау алдындағы миссиясы өзінің бақылаулары мен мен рекомендациялары негізінде мәлімдемесін жариялады. Қазақстандағы 2004 жылдың парламент сайлауы алдындағы сайлау үрдісі мен саяси жағдайға байланысты зертеу жүргізген делегация өздерінің бағасын халықаралық стандарттар мен демократиялық сайлаудың салыстырмалы практикасына сүйеніп бергендері туралы ақпарат құралдарымен өткізген баспасөз мәслихатында жария етті.

Шілде айының 19 мен 22 –і аралығында Қазақстанда болған Ұлттық демократиялық Институты қаржыландырған халықаралық сайлау алдындағы делегациясының бірі АҚШ конгрессінің бұрынғы мүшесі Сэм Гейденсон біздің мақсатымыз Қазақстандағы сайлау алдындағы ахуалға баға беру және Қазақстандағы демократиялық үрдіске қолдау көрсету ғана дейді. Ал,сайлау алдындағы сайлау үрдісі мен саяси жағдайға берілген баға тек халықаралық стандарттар мен демократиялық сайлаудың салыстырмалы практикасына сүиене отырып жасалды.Бірақ,институт сайлау процесіне араласудан және дәл қазір қортынды түрде баға беруден аулақ деді. Жалпы делегация Қазақстанда жаңадан қабылданған Сайлау туралы заңда бұрынғы заңға қарағанда өзгерістер енгенін және сайлау үрдісінің сапасын жетілдіруде үкімет біршама позитивті қадам жасағанын мойындайды.Бірақ,кейбір мәселелерге әлі де терең қарау екендігін айтып,ұсыныстар жасалды.Қазақстанда биыл жүргізілгелі отырған электронды дауыс беру жүйесін пайдалану тым асығыстау ма деймін,мәселен,біз дайындықсыз мұндай жүйені пайдалануға асықпаған болар едік, дейді Сэм Гейденсон. Сондай –ақ олардың айтуынша Қазақстанда оппозициялық саяси белсенділерді ресіми қудалау жағдайлары бар.Өкімет барлық деңгейлерде барлық партиялар мен кандидаттар еш қорықпай қызмет атқара алатын ашық және еркін саяси үрдісті қамтамасыз етуі керек .

Ал,қазақстандық сарапшылар мен саясаттанушылар елдегі сайлау науқаны алдындағы дүбірдің басталып кеткенін,бірақ барлық саяси партиялардың жағдайының бірдей емес екенін айтады. Саясаттанушы Дос Көшімнің сөзіне қарағанда,сайлау алдында Қазақстанның бүкіл қалалары дерлік "Асар" мен "Отан" партияларының жалауы мен тақтайшаларына бөленген.Ал,саяси партиялардың қазіргі айналысып жатқан негізгі мәселелерінің бірі- сайлауға байланысты өз адамдарын тіркеу мақсатында құрылтайларын өткізу.Орталық сайлау коммиссиясы да қарап отырған жоқ көрінеді.Олар оқу ісімен айналысып,өз кадрларын электронды сайлау жүйесімен тереңірек таныстыруда екен.Дегенмен кандидаттарды тіреуді бақылауға алған біз бұрынғы жағдайлардан ешбір өзгеріс жоғын байқадық, дейді Дос Көшім мырза. Ал,тағы бір Қазақстандық саясаттанушы Шәріпбек Әмірбековтың ойынша қазіргі жаңа сайлау заңына биліктегілер өз мүдделері мен талап тілектерін кіргізіп жіберген.Оның себебін көптеген жерлерде сайлау комиссиясының құрамына президенттік партия өкілдерінің кіріп,опозиция өкілдерінің кірмеуінен іздеуге болады. Бірақ сайлау алдындағы көп нәрсе биліктегілерден емес,саяси партиялардың өздеріне байланысты. Алайда,дейді сарапшы Шәріпбек Әмірбеков, жаңа Сайлау заңы бойынша Қазақстанда біраз демократиялық өзгерістер болып жатқаны байқалады.Оның бір дәлелі - үкіметтің опозициялық партияларды тіркеуі мен неғұрлым сайлаудың халықаралық стандартқа сай өткізілуіне бет бұруға әрекеттенуі көп үміт күттіреді.
XS
SM
MD
LG