Accessibility links

Америка әскерилері Теңіз пехотасының жауынгері Бағдадтың батысындағы Әл Ақбар қаласындағы жұма күнгі қақтығыстардан алған жаралардан қаза болғандығын хабарлады


Осымен Саддам Хұсейн режимін құлату үшін басталған операциялар өткен бір жылдан бері мерт болған америка сарбаздарының саны 900-ге жетті. Олардың 666 соғыста, 234 басқа себептермен қаза болды. Соғыс басталғалы жалпы коалиция күштерінің мерт болған сарбаздары 1017 адам. Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Бағдаттың солтүстігіндегі Самарра қаласының маңында мұнайқұбырындағы жарылыстың кесірінен өрт басталған. Бұл Ирақтың экспорттық мұнай құбыры. Бұл құбырға үнемі шабуыл жасалып тұратын, қазір Түркиядағы порттарға тасымалдайтын мұнай жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG