Accessibility links

Судан араб полициясының елдің батысындағы Дарфур облысында африкандықтарға жасалған зұлымдылықты геноцид деп бағалаған АҚШ конгресінің шешімін теріске шығарды


Сыртқы істер министрі Мустафа Осман Исмаил, Дарфурда ешқандай геноцид болмаған және Судан үкіметі аумақтағы гуманитарлық дағдарысты шешу үшін барлығын істеп жатыр деді. Бұл туралы ол Брюсселдегі Еуропалық Одақ лидерлерінің келіссөздері қарсаңында мәлімдеді. Адам құқықтары жөніндегі «Рақымшылық» халықаралық ұйымы Дарфурдағы оқиғаны геноцид деп атау үшін, әзірге ақпарат жетіспейтіндігі айтты. 15 айға соғзылған жанжал кезінде Дарфурда арабтармен араб ұлтына жатпайтындар арасында түсінбеушілік болған. Ол кезде, 30 мың адам өліп, 1 миллионнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG